Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары»
Әдебиет
6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Мұқтар Мағауин «Бір атаның балалары» (3 - сағаты)
Шығарма кейіпкерлерін талдау
Сабақтың мақсаты: Шығарма мазмұнын қайталай отырып, оқушылардың кейіпкерлерге толық мінездеме беруіне, тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туғызу, кейіпкер арасындағы ізгілік қарым - қатынасты талдау, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;
Сабақтың міндеттері: 1. Оқушылар шығарма кейіпкерлерін жан - жақты талдап, олардың арақатынасын анықтайды.
2. Әр оқушы кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, зерттеу жүргізеді, өз ой - пікірін білдіре алады.
3. Шағын топта бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарады, біріге қорытынды жасайды.
Сабақтың түрі: іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтағы қолданылатын стратегиялар: Рубрикалар құру, Үш қадамнан тұратын сұхбат, РАФТ, Пирамида.
Сабақтың көрнекілігі: мультимедиялық слайдтар, интерактивті тақта.
Бағалау: топтық және мұғалімнің жеке бақылауы бойынша бағалау.
Сабақтың нақылы: Адам баласын бауырым деу - жүрек ісі. Адам баласына адам баласының бәрі – дос, жолдас, бауыр. Абай.
Сабақтың жүрісі
Үй тапсырмасын тексеру.
1. РАФТ бойынша арнау хаттарын тыңдау;
1 - топ Зигфридтің Ахметке алғыс арнауы
2 - топ Зигфридтің Дәуренбекке түсініспеушілік хаты
3 - топ Зигфридтің соғысқа қарсылық жолдауы
2. Шығарма құрылысын талдау
1. Қызығушылықты ояту.
Үш қадамнан тұратын сұхбат бойынша сұрақ - жауап жұмыстары;
2. Мағынаны тану
2(1) М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінен үзіндідегі
шығарманың кейіпкерлерін талдау жұмыстары
«Рубрикалар құру» стратегиясы бойынша топтық жұмыстар
1 - топ Зигфрид;
2 - топ Ахмет;
3 - топ Дәуренбек;
Берілетін тапсырмалар: Портреті
Мінез - құлқы
Қасиеттері
Түрлі іс - әрекеттері
Ұстанымы
Күтілетін нәтиже: Басты кейіпкерлердің тұлғалық мінездемесі, келбеті топта талданып, кейін біріктіріледі.
Тапсырмалар Зигфрид Ахмет Дәуренбек
Кейіпкерлердің ұстанымдарын талдау: «Бәріміз бір өзеннің арнасы,
Бір атаның баласымыз» «Сыртқы түр - перде. Ішін айт, пиғылын айт» «Жауды аяған жаралы»
2(2) Шығармашылық тапсырма:
Басты кейіпкер Зигфрид іс - әрекетін саралау.
Күтілетін нәтиже: оқушылардың кейіпкердің тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туады, кейіпкерлер арасындағы ізгілік қарым - қатынасты талдап, адамгершілік қасиеттерге тәрбиеленеді.
Зигфрид Вольфганг Вагнерден Зекен Ахметұлы Бегімбетовке дейінгі іс - әрекеттерді саралау;
• Тілін кәлимаға келтірді
• Сүндетке отырғызды.
• Асық жілік ұстар тойы өтті.
• Зекен Бегімбетов атанды.
• Құмнан қорған соғады, балшықтан үй қалайды.
• 3 - 4 аптада аяғын күс басқан, қара сирақ, қараторы бала болды.
• Аттың тізгінін ұстап, өз бетімен жүріп - тұрды.
• Шашы ұстарамен алынған тақырбас.
• Тілі біршама бастыққан. Ептеп қазақша сөйлей бастады.
• Нарымбеттің інісі атанды.
• Асық ойнап, суға шомылды.
• Малды қайырысуға көмектесті.
• Балалар республикасының тең құқылы азаматы атанды.
2(3) Зигфрид
Пирамидалық кесте толтыру
3. Ой - толғаныс
Оқушылар жұмысын жинақтау, саралау.
Мұғалім қорытындысы.
Бағалау
4. Үй тапсырмасы «Өзім үшін жазу» стратегиясы бойынша эссе жазу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама