Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Екі өрнектің квадраттарының айырмасының формуласын қорытып шығару, есептер шығаруды қолдана алуға үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға негізгі мақсатқа табандылықпен жетуге, өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге және үлкен жетістікке жетуге ұмтылуға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Ой - өрісін дамыту, өз бетімен шешім қабылдау, қорытынды ой - пікір білдіру, белсенділік, танымдық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: «Саяхат» сабақ түрінде жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі:
түсіндіру, сұрақ - жауап, сөзжұмбақ, есептер.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сөзжұмбақ саяхат картасы, тапсырмалар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру жұмысы
2. Психологиялық дайындық.
«Бес болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену.
Бүгінгі сабағымызды «Білім» теңізінде кемемен жүзе отырып, «Математика» еліне саяхат жасаймыз. Математика еліндегі үлкен олжаға жету үшін жолдағы кедергілерден сүрінбей өтуіміз керек. Кемеміз жолға дайын болу үшін жаңа сабақты түсініп алайық.
Жаңа сабақты түсіндіру:
(а - в) (а+в) =а²+ав - ав - в²=а²- в²
Олай болса, а²- в²=(а - в) (а+в) (1)
Екі өрнектің квадраттарының айырымы олардың айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең.
Геометриялық мағынасы (интерактивті тақта) арқылы түсіндіріледі.
S =в²; S =(а - в) в ------ S=а²
S - S =S + S
а²- а²=(а - в) а+(а - в) в
а²- в² = (а - в) (а - в)
Мысалдар келтіру.

«Достар» аралы
Кітаптан №152 есеп
1, 2. Көпмүшені көпмүшеге көбейту тәсілі бойынша
5, 6 (1) формуланы бірден қолдану.
№155. (1, 2) Теңдеуді шешу.

«Сандар» аралы.
Сәйкестік тестін орындау.
Екі бағандағы сандарды сәйкестендіреміз.
1. 55²- 45² --------- 1. 7200
2. 86²- 14² --------- 2. (40+7) (40 - 7)
3. 47•33 ----------- 3. (55 - 45) (55+45)
Келесі арал белгісіз, атын табу үшін сөзжұмбақ шешеміз.
1. Бірдей көбейткіштерден тұратын көбейтінді. (Дәреже)
2. Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы. (Периметр)
3. Бірнеше бір мүшелердің алгебралық қосындысы. (Көпмүше)
4. Қазақтың ұлттық мерекесі. (Айт)
5. Жан - жағын су қоршап тұрған кішкене құрлық. (Арал)
6. Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөз табы. (Сын есім)
7. 100 жыл. (Ғасыр)
Олай болса, арал аты «Демалыс»
Демалыс аралында көптеген пәндердегі білімдерімізді байқатып тастадық.

«Білім» аралы.
Өз бетімен жұмыс.
Теңбе-теңдік дұрыс болатындай етіп бос орындарды толтыр.
«Олжа» аралы.
Олжа аралында орналасқан «Математика» еліне келіп жеттік. Бүгінгі сабақта алған балықтарыңда баға орналасқан. Соны ашып қаралық. Кім қандай олжаға ие болған екен?
Үйге тапсырма: §8 №58есеп.
Сабақты қорытындылау.
«Математика» еліндегі тапсырмалар.
Семантикалық карта.
(64 - 36) (64+36) (с - 0, 5) (с+0, 5) (в - с) (в+с)
64²- 36²
в²- с²
с²- 0, 25

64²- 36² с²- 0, 25 в²- с²
(с - 0, 5) (с+0, 5)
(в - с) (в+с)
(64 - 36) (64+36)

Жарық болса күніміз,
Жарқын шығар үніміз.
Елін сүйіп ер жетер,
Біз болашақ гүліміз.
Ия, балалар, сендер еліміздің болашақ иесісіңдер.
Болашақ ұрпақ білімді ғылым мен техниканы игеруі қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама