Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Тапқыр информатиктер (сайыс)
Ойынның мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой - өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сарыкемер орта мектебімізде өтіп жатқан М. И. Ф. пәндері апталығына байланысты өткізгелі отырған «Тапқыр информатиктер» білім сайысына қош келдіңіздер! Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
Сайыстың шарты: Сайысқа 2 топ қатысады. Сайыс 7 кезеңнен тұрады: Сайыскерлердің ұпайын есептеп отыратын 1 адам тағайындаймыз.
1. «Бәйге»
2. «Құрал жабдықтар»
3. «Ауыстырмақ»
4. «Сиқырлы тізбек»
5. «Жеті жұмбақ»
6. «Кубик лақтыру»
7. «Ғажайып алаң»

1 - ші кезең:«Бәйге» кезеңі
Жүргізуші: Бәйге деген жүйрік аттар жарысы
Жүйріксіңдер сендер осы жарыста
Жүйрік озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста
Сайысымыздың шарты бойынша сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Бір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Қай бұрын қолын көтерген топ оқушылары жауап береді. Дұрыс жауап бере алмаса сұрақ келесі топқа көшеді. Ол топ дұрыс жауап бере алмаса ешқайсына ұпай берілмейді.
1. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
2. Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас (интерфейс)
3. Бір байтта қанша бит бар? (8 бит)
4. Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)
5. Компьютерде жұмыс жасаған кезде адам экраннан қанша қашықтықта отыруы қажет?
(60 - 70 см)
6. Компьютердің негізгі құрылғылары (монитор, пернетақта, жүйелік блок)
7. Компьютердің қосымша құрылғылар (сканер, модем, принтер, тышқан, колонка т. б.)
8. Компакт - диск оқу құрылғысы (CD=ROM, DVD=ROM)
9. Дүниежүзілік компьютер желісі (интернет)
10. Компьютер ауруы (вирус)
2 - ші кезең: «Құрал жабдақтар» кезеңі
Құрал жабдықтар суреті салынған карточкаларды суыру арқылы әр топ кезекпен олардың атын атап, қандай қызмет атқаратынын баяндап берулері керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Принтер
Дискеталар
Пернетақта
Жүйелік блок
Монитор
Колонкалар
Сканер
Монитор
3 - ші кезең:«Ауыстырмақ»
Келесі сайысымыздың шарты бойынша әріптерінің орны ауысқан сөздерден дұрыс информатикалық сөз құрастыру қажет. Қай бұрын қол көтерген топ бастап жауап береді. Егер жауап дұрыс болса бір ұпай, егер қате болса сұрақ келесі топқа көшеді.

иакматорфни – информатика
аламрдағба – бағдарлама
ратапқа – ақпарат
чнестреив – винчестер
зертее – терезе
рсутивнаи – антивирус

4 - ші кезең:«Сиқырлы тізбек»
Әр топқа ішіне ақпарат өлшемдері жазылып, дөңгелектеніп қиылған 5 дөңгелекше беріледі. Төмендегі ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен орналастыру керек. Бірінші болып орналастырған топқа 5 ұпай беріледі. Ал екінші топ жартылай орындаса дұрыс орналастырылған дөңгелекке сай ұпай беріледі.
Бит; байт; килобайт; мегабайт; гигабайт

5 - ші кезең:«Жеті жұмбақ»
Бұл кезеңнің шарты бойынша жеті жұмбақ жасырылады. Әрбір жұмбақты дұрыс шешкен топқа 1 ұпайдан беріліп отырады. Шеше алмаса жұмбақ келесі топқа беріледі. Екі топ та шеше алмаса ұпай берілмейді.
1. Ақпаратты компьютерден аламын
Бірақ өзім қағазға басып беремін (принтер)
2. Компьютерге көмекпін
Жануарға ұқсаймын
Кілемше үстінде тұрамын
Мен қосымша құралмын (тышқан)
3. Еселе десең еселеймін
Қи десең қиып аламын
Қой десең қоямын (алмасу буфері)
4. Компьютердің миымын
Ақпаратты сақтаймын (процессор)
5. Бір бассаң әріптерді бас әріппен жазамын
Тағы бассаң кіші әріппен жазамын (Caps Lock батырмасы)
6. Ақпаратты қағаздан мен аламын
Бірақ оны компьютерге енгізем (сканер)
7. Компьютерде тұрамын
Ауырса оны емдеймін (вирусты емдейтін бағдарлама)

6 - шы кезең: «Кубик лақтыру» кезеңі
1. Жұмыс үстелі дегеніміз не?
2. Жұмыс үстелінде Windows - тың объектілері және басқару элементтерін ата?
3. Windows қазақша аудармасы?
4. Терезе дегеніміз не?
5. Терезе түрлерін ата?
6. Қолданба дегеніміз не?
7. Терезе элементтерін ата?

7 - ші кезең «Ғажайып алаң»
1.«Анықтама» не үшін керек?
2. батырмаларды ата?
3. Файл дегеніміз не?
4. Файлдардың қандай аттары болады?
5. Қапшық дегеніміз не?
6. Таңбаша дегеніміз не?

Жүргізуші:
Осымен осы ойынды тамамдасақ,
Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Сайыстың соңында ең көп ұпай алған топ анықталып, оларға « Тапқыр информатиктер» атағы беріліп марапатталады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама