Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Нәсіп Өтешқалиеваның соңғы аудио жазбасы WhatsApp-та тарады

Атырау облысында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты Нәсіп Өтешқалиеваның соңғы аудио жазбасы WhatsApp-та тарады. Бұл жазба қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жанат Молдашова не айтты?

Белгілі журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында Атырау облысында болған трагедияға қатысты жаңа видео жариялады. Журналист жазбасында қара жамылған отбасының ауыр қасіреттен әлі ес жия алмай отырғанын, ал Жангелдин ауылының тұрғындарын үрей билегенін атап өтті.

"Қаралы отбасы мына жауыздықтан естерін жия алмай жатыр. Жангелдин халқы үрейде отыр. Ағайын-туыс қаскөй қылмыскерді тезірек құрықтауды талап етеді. "Марқұмдар сарайдан қалай табылды? Оған дейін тінту жүргізілді ғой" деген сұрақпен мыңдаған адам мазалады. Оқиға басталғалы басы-қасында жүрген, марқұм Мақсот ағамыздың інісі Шалқар біраз сауалдарыма жауап берді. Өте ауыр жағдай. Бірақ қоғамның трагедиясы болғандықтан айтылуы, жазылуы керек. Қазалы отбасының туыстарына қандай жұбату сөз айтарыңды да білмейсің?!" – деп жазды Жанат Молдашова.

Шалқар Мұқанғалиевтің пікірі

Жанат Молдашова марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиевпен сұхбаттасқан видеоны жариялады. Шалқар Мұқанғалиевтің айтуынша, Нәсіп жеңгеміздің ағайын-туыстарының чаттарына жіберген аудиосы бар. Сол аудио хабарламаларының бірін 7 қараша күні жіберген. "Қазіргі таңда телефонның бәрі Сұлтанда болды деп тұр ғой. Сол Сұлтан жіберіп тұрған шығар деп ойлап тұрмыз", – деді ол.

Жаңалықтар

Жарнама