Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 12 сағат бұрын)
Наурыз келді
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Наурыз келді.
Мақсаты: Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, ойын.
Көрнекіліктер: бейнетаспадан «Наурыз»мерекесін көрсету.
Сөздік жұмыс: наурыз, наурыз көже.
Билингвальді компонент: мереке - праздник. көктем - весна

Ұйымдастырушылық - қозғаушылық
Шеңбер жасап тұрып, Наурызға арналған тілектер айту.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
1. Әңгіме жүргізу.
- Наурыз - көктемдегі адамдардың асыға күтетін мерекелерінің бірі. Наурыз жыл басы деп аталады. Бұл күні барлық адамдар бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді. Бір - біріне «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын»деген тілектер айтады.
2. Суретпен жұмыс.
- Адамдар Наурыз мерекесін қарсы алып жатыр.
«Наурыз мерекесінде үйге қаншама адамдар келіп, наурыз көжеден дәм татса, үй йесіне соншама жақсылық келеді, бақыт қонады»деген ниетпен адамдар бір - біріне қонаққа шақырады.
Наурыз күні не пісіріледі?
- Наурыз мерекесінде қазақ халқының ұлттық тағамының бірі - Наурыз көже пісіріледі. Балалар наурыз көжені 7 түрлі тағамнан дайындайды. Наурыз мерекесінде ұлттық ойындар ойналады.

Ойын: «Қуыр - қуыр - қуырмаш»
Қуыр - қуыр - қуырмаш,
Балапанға бидай шаш.
Тауықтарға тары шаш,
Әжең келсе, есік аш.
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіру.
Наурыз келді жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама