Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Наз өнер шыңына өрлеуде
Үштөбе ауылындағы КММ «Үштөбе орта мектебінің» Ән мен биге баулыған үйірме жетекшісі Омирбаева Майгуль Рымбековнаның жетекшілігімен «Наз» би тобының кішкентай өнерпаздары Алматыда өткен «Bravissimo"» халықаралық байқауынан қайтадан жеңіспен оралды.
«Наз» би тобы мамыр айының1 - 3 аралығында Елордамыз Астана қаласында республикалық «Күншуақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Сәлем, Астана» ән - би фестивалінде жүлделі екінші орынға ие болса, маусым айының 13 - 16 күндері аралығында Алматы қаласындағы "КАЗАХ КОНЦЕРТ" залында өткен «Bravissimo"» халықаралық ән - би фестиваль байқауында тағы да жүлделі 2 - орынмен, кубокпен оралып Санкт - Петербургта өтетін фестиваль байқауға шақыру алды. Бұл біздің Үштөбе ауылы үшін үлкен мәртебе. Фестиваль байқауға Республикамыздың түкпір - түкпірінен жиналған өнерпаздар қатысты. Конкурс аясында алуан номинациялардың қатысушылары өздерінің шеберліктерін көрсетіп, көрермендерді ризашылыққа бөледі. Біздің жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

Ұстаздық жолда қызмет ете отырып, өнерді бағалаған, заман талабына сай халқымыздың інжу маржанын бойына сіңірген адам Артықбаева Сауле Жақсылықовнаға мектепте осы үйірменің ашылуына өз үлесін қосқаны үшін алғысымыз шексіз.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама