Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Түрлі – түсті шарлар
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Бала би ауылы КМКҚ «Мұрагер» балабақшасы
бағдарламашысы: Аширбекова Ақшолпан

Тақырыбы: «Түрлі – түсті шарлар»
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын оята отырып жаттығуды дұрыс орындауын үйрету. Төзімділікке, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Ойын түрінде өтіледі.
Балалар дөңгеленіп тұрады. Топқа Карлсон (тәрбиеші апай) кіреді.
- Ох, жерге әрең дегенде қондым ғой!
- Жж – Жж...
- Балалар сәлеметсіңдер ме?
- Мен Карлсонмын, мен сендердегі балалармен дос болғанды. Бәріміз бірігіп шаттық шеңберін құрайықшы.
Орнымыздан тұрамыз
Алақанды соғамыз.
Жоғары – төмен қараймыз,
Тоқылдатып басамыз
Біз ақылды боламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Жаттығу жасап шынығып
Өсіп үлкен боламыз.
Балалар, біз ауырмас үшін денсаулық жолдарымен жүріп өтеміз.
1. Соқпақ, гүлді жолмен жүру.
2. Кедір – бұдырлы жолмен жүру.
3. Жұмсақ жолмен жүру.
4. Кедір – бұдырлы жолмен жүру.
Енді балалар біздің денсаулығымыз мықты болады.
- Балалар тыңдаңдаршы, бір дауыс естіліп тұр. Қане бәріміз естиікші.
- Желдің дыбысы естіліп тұр (осы кезде іші шарға толы қапшық домалап ұшып келеді)
Карлсон:
- Ол не болды екен?
- Ол шар екен.
- Жарайсыңдар, желдің жасырғаны шар екен. Шарларды біз ойын үшін, мереке күндері безендіру үшін пайдаланамыз.

Ойын: «Шарды маған бер»
- Балалар қараңдаршы бізге кім келе жатқанын.
- Бұл менің кішкентай Карлсоным. Беті кір қожалақ болыпты. Әбден тосапты жей беріпті ғой. Енді біз кішкентай Карлсонмен бірге жылы сумен жуынып, құрғақ сүлгімен сүртініп, серігіп қалайықшы. Міне, осындай тап – таза болып жүріңдер. Сол кезде ауырмайсыңдар. Кішкентай карлсон балалармен бірге ойын ойнағысы келеді.

Ойын: «Шарларды жинау».
- Жарайсыңдар балалар, кішкентай Карлсон сен де жақсы ойнадың. Енбіз балалар біз. Шарды үрлеп тыныс алу жаттығуын жасайықшы.
Енді біз осы шарларға арнап бір ән айтамыз.
Қызыл, сары, көк шар
Әуеде қалықтап
Әніміз шалқиды
Қызыл, сары, көк шар
Қасымызда көп шар
Айдаймыз, күндейміз
Ойнаймыз күлеміз.
Балалар, осы шарларды аспанға ұшырамыз.

Ойын: «Шарды ұшыру»
Балаларды мақтап, мадақтау, қоштасу.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Шарлардың түр – түсін ажырата білу, шарлармен ойнай білу.
Үйренеді: Шарларды қолдарына ұстап үйрену, әр түрлі ойын ойнап үйрену.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама