Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
ОЖСБ-ға ата-ана көзімен
ОЖСБ - ға ата - ана көзімен ата - аналарға арналған семинар - тренинг

Мақсаты: ата - аналарға ОЖСБ туралы түсінік беріп, маңыздылығын баяндау, олардың ойларын білу. Пән мұғалімдерімен және дайындық күндерімен таныстырып өту. Және былтырғы оқу жылындағы ОЖСБ нәтижелерімен хабардар ету.
Түрі: семинар - тренинг
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап

Барысы:
І. Амандасу
Сәттіліктен бастау алып күніміз
Қуанышпен аяқталсын күніміз
Істеріңіз оңынан
Жегендеріңіз молынан
Жүретін жерлеріңіз
Алланың ақ жолынан
Алла қолдап
Жамандықтан қорғап
Жақсылықты жолдап
Бүгінгі күндеріңіз сәтті болсын!- деп бүгінгі «ОЖСБ - ға ата - ана көзімен» тақырыбындағы семинарымызды ашық деп жариялаймыз. Қош келдіңіздер, құрметті 9 сынып оқушыларының ата - аналары.

ІІ. Топқа бөлу
Алдын ала дайындалған парақшаларды суырып, берілген жануардың қимылын көрсету арқылы ата - аналарды үш топқа біріктіреміз. Берілетін сөздер: қоян, аю, балық

ІІІ. Сауалнама
Мектеп психологы ата - аналарға баласының болашақ мамандығы, мектептегі ұстаздары туралы сауалнама таратып, толтыртады. Осы арқылы ата - анамен бала арасындағы қарым - қатынастың деңгейін анықтайды. Себебі, оқушыларға алдын ала сауалнама жүргізіліп алынды. Екеуін сәйкестендіреді.

ІҮ. Интервью әдісі
Үш топқа алдын ала сұрақтар дайындалып беріледі. Әр топтан бір ата - ана шығып екінші топқа сұрақты микрофон арқылы қояды және жауап алады.
Осы сұрақтардың жауабын толықтырып, ОЖСБ туралы түсінік беру үшін сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісіне беріледі.

Сергіту сәті «Сағат тілі»

Ата - аналарға таратылған ақ бетке сағаттың 12 тілін салып, әр қайсысының қасына семинарға қатысып отырғандардың бірінің атын жазады. Және төмендегі тапсырмаларды орындайды.
1. Амандасу
2. Иық қағыстыру
3. Мұрын тарту
4. Бетінен сүю
5. Тізе айқастыру
6. Жауырын түйістіру
7. Басқа массаж жасау
8. Құлағына барып құпия айту
9. Қатты етіп құшақтау
10. Табан тіреу
11. Жұдырық түю
12. Көз қысу

Ү. Постер қорғау.
1 топ: ОЖСБ тиімділігі
2 топ: ОЖСБ тиімсіздігі
3 топ: Ата - ананың қолдауы
Постер қорғалғаннан кейін, психолог сауалнаманың нәтижесімен ата - аналарды таныстырады.

Қорытынды
Семинарды қорытындыларда, ата - аналарға допты ұсыну арқылы сұрақтар қойылады. Тез жауап беру тапсырылады.
- 1 оқу күні бірінші сабақ
- 2 оқу күні ОЖСБ дайындығы қай пәндерден болады
- Балаңыздың мектептегі досы
- Қызыңыздың туған күні
- Балаңыздың парталас көршісі, т. б.
Ата - аналарға стикерлер таратылып, «ұсыныс», «қостым», «сұрағым» бөлімдерінен тұратын «Құс» кері байланысы жасалады.
- Құрметті ата - аналар мен ұстаздар. ОЖСБ - ға ата - ана көзімен тақырыбындағы семинарымыз өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңізге үлкен рахмет! Сау болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама