Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Өлең-жыр байқауының нәтижесі шықты

«NEXT ұрпағы» атты өлең-жыр байқауының нәтижесі шықты. Байқауға 490 өлең-жыр келіп түсті. Олардың барлығы порталда жарияланған. Қазылар алқасының ақылдасуымен өлеңдер сараланып, ең жақсы деген 10 өлең таңдап алынды.

bilim-all.kz ақпараттық-танымдық порталының тұңғыш рет ұйымдастырып отырған өлең-жыр байқауының әділқазылар алқасы: Республикалық «Балалар Әлемі» журналының бас редакторы Абай Дауленов, Республикалық bilim-all.kz ақпараттық-танымдық порталының  бас редакторы Накипов Мұхамедәлі, Түркістан мәдениет қоры төраға орынбасары Нұрбол Бимұрзаев, Халықаралық «Шабыт» фестивальінің лауреаты, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты, Әл-Фариби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Журналистика факультеті «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасының аға оқытушысы Бауыржан Әліқожа.

Төменде жүлделі орыннан көрінген шығармаларды жариялаймыз:

Бас жүлде:     

Абзал Алтый – «Сенбі таңы»

Бірінші орын:

Самғар Жарқынбек – «Мен-қазақпын»

Екінші орын:

Ақылбек Әбдіжәміл – «Кино»

Үшінші орын:

tildan_m  – «Бақыт туралы арман!»

Жеңімпаздарға тағайындалған жүлделер:

Бас жүлде - смартфон, диплом;
І орын – смартфон, диплом;
ІІ орын – смартфон, диплом;
ІІІ орын – смартфон, диплом;

Үздік ондыққа кірген өлең-жырлар (Алғыс хат және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады):

Таңсәуле Әгенқызы – Түркі аруы (Ақ маңдайда ай сағымы ұялап...)

Нұрайым Нұрқабылова – Анамның әңгімесі (Мырзатай Жолдасбековтың естелігі бойынша)

Дина Жәнібекқызы – Әлі де ғашықпын

Nurbek9523 – Түнгі көше

Дана Русланқызы – Мәңгіліктің бейнесі

Аякөз Рахат – Басымды иіп кішкентай жүрегіммен

Сыйлық иегерлері [email protected] электронды поштасына мекен жай, куәліктің көшірмесі (жасты растау үшін), аты-жөндеріңізді толық жазып жіберіңіздер. Барлық сыйлықтар пошта арқылы жіберіледі.

Көпшіліктің сұранысы бойынша осы жылы да өлең-жыр байқауы ұйымдастырылады. Төменде, пікірде сайысқа қатысты өз ұсыныстарыңызды жазыңыздар, барлығын талқыға салып, барынша сапалы, пайдалы сайыс өткіземіз.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама