Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Өлке тарихының батырлық белестері

Қазақ батырларының жеңісі ұлтымыздың жадында мәңгі болмақ. Соғысқа қатысушылардың ерлігі еш ұмытылмас. Соғыс-атауы құлаққа жағымсыз,асты қайғы-қасіретке толы қаралы, үрейлі сөз. Осы айқаста жауды жеңу үшін барын аямай, жеңісті жақындату жолында қаза болғандар да жоқ емес. Аспан әрдайым ашық болу үшін барлық күштерін сарп еткен батырларға мың алғыс.

Менің ойымша, осы бүгінгі ашық аспанымызға жетуге дейінгі соғыстарды екіге бөлуге болады. Бірі, атты әскерлермен қара қанға батқан Қанжығалы батыр, Қарабай батыр, Наурызбай батыр, Райымбек батырларымыз әскерлерімен болған қорқынышты соғыстар. Аталып өткен қолбасшылар әрі шешен, әрі батыр, қолбасшы және жоңғар басқыншыларынан азат ету жолындағы азаттық күресетін аса көрнекті ұйымдастырушылар. Атты әскердің қолбасшылары осындай батыл болғаны, әскерінің де мықты және аянбай шайқасатын, ержүрек батырлар екенін мәлімдейді. Екіншісі, 20 ғасырда болған Ұлы отан соғысындағы қазақ батырларының фашистермен шайқасында өз үлесін қосуы болмақ. Бұл соғыста  фашистердің аңсап келген арманына 4 жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді.

«Шөлде суыңды сақта,Соғыста туыңды сақта» деген уәждемемен өздерінің алдына мақсат қойып, ешқандай тосқауыл оларға төтеп бере алмаған, ержүрек соғыс қатысушылар-көк аспанымыздың айнасы деуге болады.

Бауыржан Момышұлының «Жауынгер тұлғасы» атты шығармасындағы бейнелер әлі есімде. «Жауынгер тұлғасы» әңгімесінде автор қазақтың «Білекті бірді, айлалы мыңды жығады»мақалының кұдірет-күшіне тамсанған. Осы әңгімеде Мұхаметқұл Исламқұлов әлі де жас болғанына қарамастан еліне қызмет еткісі келді, әрине, ол басында уайымдады, қорықты, бірақта оны алға қарай тартқан мақсат! Шығарманың шарықтау шегі кезінде осы жас жауынгердің қарамағына одан жасы үлкен ағаларын жіберген кезде,  олар жас балаға бағынғысы келмегенін көре аламыз. Сол кезде ақын, әрі батыр Бауыржан Момышұлы ағамыз:

- Егер сендер мықты болсаңдар өздерің де, өз әскердерің де қазір аман қалар еді!-деген сөздерін мен, елімізден алыс жерде Мәскеу қарамағында бәріміз бірге болуымыз керек және адамды жасына қарап емес оның санасына қарап бағалау керектігін түсіндіреді.

Біз қазір "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда" өмір сүріп жатырмыз. Осының бәрі-қасық қаны қалғанша соғысқан батырларымыздың арқасы. Біздің әрқашан оларға алғысымыз шексіз! Қазақтай елді басқарып отырған елбасымыз, еліміз үшін туған ерлеріміз аман болсын!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама