- 23 қаз. 2019 00:00
- 223
Қарттарым — асыл қазынам
«Нұр Отан» париясы Жетісу аудандық филиалының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында және Жетісу аудандық Білім бөлімінің тапсырмасы бойынша 2019 жылдың 11 қазақы күні №110 мектеп-гимназияда ҚАРТТАР айлығы аясында «Қарттарым — асыл қазынам» тақырыбындағы мектепшілік бекітілген жоспарға сәйкес «Алақан, алақан Сізді жасы көреміз апажан!» атты қария ата-әжелеріміздің және «Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі — Тулепбеков Ералы Есіркепұлының қатысуымен концерттік бағдарлама өтті. Кешке қатысқан қонақтарымыз балаларға ризашылықтарын білдіріп, ақ тіліктерін жаудырып, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.
Сонымен қоса №110 мектеп-гимназияда ҚАРТТАР айлығы аясында оқушылар тарапынан сынып жетекшілерімен бірге Қарттарымызға үйіне барып көмек қолдарын созды. Ата-әжелеріміздің мейірімді көздерін, жылы сөздерін тыңдап өсетін өскелең ұрпақ мейірлене түсері анық.
Даналықтың алтын кілті — ата-бабаларымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз.
Қария деген асыл сөз елдің алды болуы, елдің алдында құрметке бөлену, дана болу, немерелердің қамқоршысы секілді асыл жандар. Шаңырақтың бірлігін сақтап, елдің, жердің айтар кеңесшілері. Қазақтың әр шаңырағында арқа тұтар асыл жандар, ата-әжелеріміз бар. Ол кісілердің әр айтқан ақылдары мен жас ұрпаққа, жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне өте мол үлесін тигізіп жатыр.
Әрине ата-әжесі бар шаңырақтың балалары ерекше,ерек болып келеді. Әжесінің асыл сөздерін, тап-таза ниетпен айтылған өсиеттерді сусындап өскен үйдің балалары өсе-келе тәрбиесінде ерекше біліне бастайды.
«Қарты бар үй, қазыналы үй» деп бекер айтылмаса керек. Әр кез ата-бабамызды, ата-әжелерімізді құрметтеп, қадір тұта білейік. Ол кісілердің мына біз жас ұрпаққа керемет асыл мұрат қалдырып келе жатқан асыл жандар!
Асыл әжем, асылым, ақ жаулықтым,
Ақылшым, данашым мөлдіреген
Сағындым әже «Құлыным» – деген сөзіңді
Мәңгі жасылған жүрегімде.
№ 110 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Умирзакова Назерке Нурканатовна