- 06 ақп. 2024 10:28
- 990
Өмір жайлы сұрай берме сен менен - Мұқағали Мақатаев
Өмір жайлы сұрай берме сен менен,
Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.
Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар,
Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.
Жесір келін, бір нәресте көрмеген,
Жетім шалды бала орнына тербеген.
Өмір жайлы не түсінем мен деген...
Өмір жайлы сұрай берме сен менен.
Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар,
Өміріне кегі кеткен, өлмеген,
Жалған айып таңылғанда көлденең,
Ақиқаттың аппақ туын бермеген.
Содан сұра, содан сұра өмірді,
Нені көрді, нені сезді, не білді.
Heгe ақылды ақымақтан жеңілді,
Біреу жылап, біреу неге көңілді?
-
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырудың сценарийін жасағанда, осынау маңызды және құрметті оқиғаны қалайша тиімді және есте қаларлықтай етіп өткізуге болатынын ескеру керек. Мұндай шара, әсіресе жастар үшін, тарихты жеке тұлғалардың көзқарасы арқылы түсінуге көмектеседі.