Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Өмірдің сәттері - асыл тастың құнындай

Көзіңді ашып, оян. Сені күн сайын әр түрлі, жаңа нәрселер күтіп тұр. Өмірдің қызығын, тәттісін жіберіп алма. Қараңғы түнектен жарық жұлдызды іздеуге тырыс. Қолыңнан келмесе, азғантай уақытқа тоқта, содан кейін жалғастыр.

Сұрғылт реңктегі  өмірден алшақтағың келсе, төменгі қағидаларға жүгінсең болады:

• Жатпа, еңбектен! Әйтпесе өміріңді зая кетіріп аласың.

• Қажетсіз ақпаратты сақтама, ең негізгісі жүрекке жақын ұстама. Артық нәрсе жаныңды тергейді, алаңдатады. Сен уайымдайсың. Бұл денсаулыққа залалын тигизеді. Ал бізге ол тіптен керек болмас.

Өмірдің ащы тұстарын қабылдай біл. Оңай емес, білемін. Алайда ғұмыр кешу оңай деп кім айтты?

Жан қалауын қандырып ал. Өзің жақсы көретін тағамыңды же, ақылыңды сергітетін кітап оқы, көңіліңді жұбататын ән тыңда.

Өмірдің сәттерінен ләззат ал. Дәл осы қағидамды маңызды деп есептеймін, себебі өмір ертең қандай тосын сый әкелетінін білмейсің, сондықтан дәл қазіргі сәтіңнен раxат алуың керек.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама