Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ондық бөлшектерді азайту
5 класс
Сабақтың тақырыбы: Ондык болшектерді азайту.
Сабақтың мақсаты: Халқымыздың өткен тарихына көз жібере отырып ұлттық өнерді, халықтық кәсіпті танытып, оны үйреніп бағалай білуге баулу. Еліміздің ежелгі дәстүрін насихаттай отырып, оқушыларды алғырлыққа, тез ойлауға үйрету.
Білімділік мақсаты: Жай бөлшектерді азайту ережелерін әр түрлі есептер шығаруда пайдалана білу, өтілген сабақты оқушы санасына бекіту.
Тәрбиелік мақсаты: Дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, сынып намысын қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Өткен тақырыпты бекіту.
Сабақтың түрі: Керуен - саяхат сабақ.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй жұмысын тексеру.
3. Өткен тарихқа көз жіберу.
VII - ғасырдан бастап XII - ғасырға жеткен Ұлы Жібек жолындағы дала кемесі, түйелердің қаз - қатар тіркесіп, үстіндегі ауыр жүктен белі қайысып, маң - маң басып келе жатыр. Құмды, шөлді жерлерден қиналмай өтеді. Өйткені, ол шаруаға өте қолайлы, шөлге шыдамды болып келеді.
Бір шеті - Үндістан, екінші шеті - Қытай. Оның ұзындығы 7 мың шақырым болған. Ол заманда Қытай жібегі осы жолдармен тасылды, сондықтанда «Жібек жолы» деп аталады. Бүгін біз мектебімізден Қытай еліне сапар шегеміз. Ең біріншіден әрқайсыларыңа өз міндеттеріңді бөліп берейін.
Керуен басы - керуен бастап жүретін адам: өз өзім болам.
Түйекеш - түйелерді жайып, күтіп бағушылар: Қымызбаев Р, Ахметов Е.
Көріпкел - жолды болжап, бағдарлаушы: Сейпілова А.
Кірекеш - керуеншілерге ас дайындаушы: Нұрділдина А.
Қолдай - керуенді жолшыбай шапқыншылардан қорғаушы: Әбенов А, Төменов А, Мұхамбетжанов А.
Жаушы - қалаға кіруге рұқсат сұраушы: Аманиязов А.
Сайрам қаласының әміршісі - Сұлтанова Қ.
Қытай елінің әміршісі - Нұрдәулетова Тоғжан.
Ал енді балалар, елімізден ұзақ сапарға аттанамыз. Түйекештер түйелерді дайындау үшін мына тапсырмаларды орындау керек:
1. Теңдеуді шеш: 2, 5 - х=1, 4
х - 4, 15=25, 12
Осымен түйелеріміз дайын.
Біздің бірінші аялдамамыз Сайрам қаласы. Алдағы жолды болжап беруге сөзді көріпкелге береміз. Көріпкел жолды болжайды.
Ал ендеше жолға шығайық. Міне Сайрам қаласына келдік. Енді қаладан әр түрлі әшекейлер сатып алу үшін мына есептерді шығаруымыз керек.
№1. Сырға:
2 - 0, 89
№2. Жүзік:
4 - 1, 02
№3. Білезік:
36, 8 - 12, 5
№4. Моншақ:
74, 5 - 15, 37
Керуен басы: Өзіміз олжалы болдық. ал енді келесі жолға шығайық.
Қала әміршісі қаладан шығармайды: Саяхатшыларға шарт қояды (есеп)
Бірінші сан 7, екінші сан одан 5, 1-ге кіші. Осы екі санның қосындысы қанша?
Енді Талдықорған қаласына барар жолда, көріпкел алдымыздан қарақшылар шығуы мүмкін деген болжам айтып отыр. Сондықтан мынадай тапсырма береміз: №147 беттердегі есептерді шешуі
1. 4, 07 - 3, 125=
2. 6 - 0, 89=
3. 9, 45 - 2, 356 =
Керуен басы: Біз алыс жолдан шаршап келдік. жолшыбай күн де ыстық болды, сондықтан кірекеш бізге сусын берсін. Ас дайын болғанша біздер жаттығулар жасаймыз (физкульт минутка), қол белде, денелеріңмен дұрыс жауапта оңға бұрылу, бұрыс жауапта солға бұрылу керек.
1. Нөлге бөлуге болмайды.
2. 2 - тақ сан.
3. 197 - жұп сан
4. 60: 10=600
5. 1, 5 жай бөлшек
6. 8, 2 ондық бөлшек
Енді асымызды ішіп, шөлімізді қандырып жолға шығайық. Алдағы Қытай еліне бару үшін рұқсат сұрауға жаушы аттандырдық.
Қытай әміршісі рұқсат берер алдында мына тапсырмаларды беріпті:
0, 52+1, 36 ------------- 4, 27 - 1, 5 ------------ 8+6, 4
1, 1 - 0, 12 -------------- 6, 3+5, 2 -------------- 7+2, 3
5, 6 - 3, 6 --------------- 7 - 5, 4 ----------------- 12 - 0, 1
2 - 1, 4 ------------------- 9 - 0, 15 ---------------- 9+5, 2
8 - 1, 11 ----------------- 1 - 0, 196 -------------- 2, 6 - 9, 2
8 - 3, 4 -------------------11 - 4, 2 ----------------- 4, 5+6, 2
11 - 4, 5 ---------------- 169 - 42, 4 -------------- 7, 4+1, 02
9 - 2, 15 --------------- 12, 35 - 4, 18 ------------ 6, 13+7, 17

1. «Басқа елде сұлтан болғанша - өз еліңде ұлтан бол»
2. «Туған елдей ел болмас - туған жердей жер болмас»

Керуеншілердің сапарға шыққандағы мақсаты – сауда-саттықпен айналысу.
Енді біз кілемдерімізді Қытай еліне сатып келейік, егер мына сұрақтарға жауап берсеңдер, онда кілемімізді саттық деп ойлаймыз:
1. Ондық бөлшектер дегеніміз не?
2. Ондық бөлшектерді қалай салыстырады?
3. Қандай бөлшектер білесіздер?
4. Ондық бөлшектерді қалай қосады? Азайтады?
Жұматова А. осы елде жүргенде ондық бөлшектерге тарихи мағлұмат береді.

Қорытынды: Сонымен біздің қысқа да, қызықты сапарымыз аяқталды.
Бүгін сабақ сендерге ұнады ма?
Енді мектебімізге қайтып оралайық. Сонымен сендер жол бойы қандай есептерді кездестіріп, шығардыңдар?
Үй тапсырмасы: Әр оқушы 8 есептен тұратын тест дайындап келу керек.
Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама