Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақ санасының шамшырағы
Тақырыбы: Қазақ санасының шамшырағы (Әдеби кеш)
Мақсаты: ХХ ғасырдың біртуар азаматы, өз халқының айнасы болған ұлы қоғам қайраткері, ақын, ұстаз, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушыларды сусындата отырып, оның туған халқы үшін аянбай еткен еңбегін дәріптеу, ұрпаққа үлгі ету.
Қатысушылар: өмірбаяншы және әдебиетші, сахнашы, көркемсөз оқушы
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, А. Байтұрсыновтың портреті, кітап көрмесі, мына эпиграф жазылған плакат: “Ахмет Байтұрсынұлы - ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға”. Әбіш Кекілбаев

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз қазақ халқының біртуар ұлы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл толуына арналған еске алу кешіне жиналып отырмыз. Ол - ірі ғалым, лингвист, әдебиет зерттеушісі, даррынды ақын, аудармашы. Оның халық, ел үшін жасаған еңбегі зор.

2 - жүргізуші: Сауаты, саңылауы жоқ қазақтың надан халқын қалың жау еңсесін басып, қара бұлт қаптап, түнше түнеріп тұрғанда, кеудесінің бар күшін аямай, жанын құрбан қылып, жарыққа қарай өрге сүйреген сүйікті ұстазымыз, қажымайтын қаһарманымыз - Ахмет Байтұрсынұлы. Бірінші рет басталған, бұрын ешкім ескермеген жұмыстың барлық ауыртпалығы Ахаңның басына түсті. Ойға - қырға бірдей қуылды, түрмеге түсті. Қуғын - сүргінде жүрген кездерінде қолынан қаламын тастамаған. Маңайындағыларды өлең қуатымен жылытып, рухтандырып отырған. Бірақ Ахаңның қайраты тасымаса, қайтпады, ақылы аспаса, саспады. Өзінің тізесін, түрменің терезесін үстел қылып, Ахаң қаламын тартпай жазумен болды.

1 - жүргізуші: Ахмет Байтұрсыновтың атын қазақ баласының естімегені жоқ шығар. Оның әліпбиі мен оқу құралдарын оқып, сол ғылыми еңбектерінің арқасында қаншама адам сауатын ашты.
2 - жүргізуші: Ол Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер ашып, ұстаздық жұмыспен айналысты, жарғақ құлағы жастыққа тимей, масаша ызылдап, туған халқын оқуға, өнер - білімге шақырды, өркениетті елдерден кейін қалып, көрінгенге жем болып жүргеніміз біліміміздің, өнеріміздің жеткіліксіздігінен, оқыса, ілгері кеткен елдер қатарына қосылуға талпынса, қазақ халқы да ешкімге есесін жібермейді, әңгіме талаптануда, намыстануда дейді.
Енді Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов туралы бейне көрініске назар аударып, қысқа ғана ғұмырында қаншама еңбектер атқарғанына куә болайық. Көркемсөз оқушы:
Адамдық диқаншысы - қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім.
Көңілін көтеруге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!
Жаратқан малды құдай не керекке -
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенде айдап?
Есептен алданғандай болғандар көп,
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.
Өмірбаяншы: А. Байтұрсынұлының осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспеттес.
Ол - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым…
Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ҰСТАЗ,
ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.
Өмірбаяншы: Ахмет Байтұрсынұлы - қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914 - 1915 жылдан 1927 - 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліп - биімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.

Өмірбаяншы: Ахмет Байтұрсынұлының жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек тіл білімі саласында емес, әдебиет тану саласында да айтарлықтай болды деп санаймыз. Өткен ғасырдың II - жартысында - ақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, 1923 ж. “Ер Сайын” жырын Москвада шығарады. 1926 ж. “23 жоқтау” атты жинағы жарық көреді. Бұл да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері.
А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқыш” атты көлемді еңбегі - әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы…
Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, әдістемелік арналары, басты - басты терминдері мен категориялары түп - түгел осы кітапта қалыптастырылған.

1 - жүргізуші: Мұнан кейін неге оқу - ағарту ісіне бой ұрғанын, халқының болашағы үшін неге бас тіккенін былай әңгімеледі: «Мені тудырған заман - патша заманының зұлым саясаты, зорлығы, зомбылығы, қорлығы. Соның бәрін көріп тұрып, мен қарап қала алмадым. Біздің халық - еш нәрсесі жоқ, мәдениетке кедей халық… Біздің қазақ сияқты өгейлік көрген халыққа ағартудан басқа жол қалмады... Жөні дұрыс жастар біздің артымыздан ерді. Олар басқа жол таба алмады”.

2 - жүргізуші: Көпшілік бұқараны оятудың барлық амал - тәсілін қолданып байқаған Ахаңдар қалың қазақ арасында ең өтімді үгіт құралы - өлең сөз екенін аңдады. Сол бір жылдарда ел ішінде айтылар ойдың түпқазығы “Оян, қазақ!” деген бір - ақ сөзге тірелген ұран өлеңдер көп тарап еді. Солардың алғашқы қарлығашы - Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдері, оның “Қырық мысал” кітабы болатын.
“Қырық мысалды” оқи отырып, таныс сюжеттерге ұшырасқанда, олардың И. А. Крыловтан аударылды дегеніне қол қойсаң да, таза қазақы түсінік, ұлттық ұғыммен түйінделген ғибрат бөліміне келгенде ойналып - ақ қаласың.
Көрініс:

2 - жүргізуші: Ел тағдыры жайлы ойланғанда, Ахмет, ең алдымен, сол елдің өзімен тілдесуді, олардың жай - күйі жайлы көргендері мен ойларын ортаға салуды, болашақ жөніндегі ұғым - түсініктерін бөлісуді парыз санайды. Оған әдебиетті, өлеңді пайдаланды. Алайда, Ахмет көрген ел әлі ұйқыдан оянып болмаған, ынтымағы жоқ алауыз, сөз тыңдауға салғырт, берекесіздікке ұйыған қауым еді. Сондықтан Ақан өлеңін “Маса” етіп жұмсап, ел құлағына барып ызыңдап, ұйқыдан оятуға тырысты. Атақты “Маса” жинағы осылай туды.
Өмірбаяншы: Ахмет Байтұрсынұлы - ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері “Қырық мысал”, “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы.

Көркемсөз оқушы:
Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса,
Сап - сары аяқтары ұзын маса,
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама