Шағын орталық құрылымында педагогикалық жаңа инновациялық технологияны ендіру
І. Кіріспе бөлім
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағы.
ІІ. Негізгі бөлім.
Шағын орталық құрылымында педагогикалық жаңа инновациялық технологияны ендіру.
Менің іс - тәжірибемнен
ІІІ. Қорытынды бөлім
Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен келешек ұрпаққа оқу – білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың келешегі, сөз жоқ тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Отбасында ата - ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттермен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып бой түзеуіне балабақшаның маңызы зор. Шағын орталық – бұл бала тұлғасымен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезеңі. Сондықтанда балабақшада бала тәрбиелеп, олармен жұмыс істеу қиын да жауапты жұмыс. Балаларды сөйлеу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды обьективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету тәрбиешінің тәліміне байланысты. Әрине, олардың зейіні тұрақсыз, импульсивті қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі. Дегенмен әр баланың әр нәрсеге бейімі болады. Баланың тұлғалық дамуына, қалыптасуына бағыт - бағдар беретін жағдайлар жасау арқылы басқару болып табылады.
Шағын орталықтың міндеттері:
Салауатты өмір салтының құндылығына балаларды қатыстыру;
Эмоционалдық аман - саулығын қамтамасыз ету, әртүрлі көркемдік іс - әрекет түріне жағдай жасау;
Талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
Айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;
Шағын орталықтың мақсаттары:
Туған жерін, халқын сүйетін, тарихын, мәдениетін, әдет - ғұрпын жақсы білетін ұрпақ тәрбиелеу;
Денсаулығын сақтау, нығайту;
Психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау, ойлау, қабылдау);
Мектепке оқуға дайындық (мектеп, мектеп ережесі, қоңырау, үзіліс);
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан - жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «мектепке дейінгі тәрбие - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы»
Мектепке дейінгі және жалпы білім берудің бағдарламасының сабақтастығы мынандай:
Болашақ баланың танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту;
Баланың жеке басының даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру;
Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметтің әр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту;
Оқу қызметі табыстылығы шарттарының бірі болып табылатын комуникативтілікті дамыту;
Біздің балабақшада мектепке дейінгі баланың зияткерлі дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Ұйымдастырылған іс - әрекет әрбір тәрбиешінің шығармашылық жұмысы. Тәрбиешінің кәсіби жұмысы қаншалықты жоғары болса, ол оқытып тәрбиелеген тәрбиеленуші да соншалықты ақыл - ойы да дамыған сауатты болады. Көп іздену, дайындалу, қосымша әдебиеттерді орынды қолдана білу тәрбиешінің негізгі мақсаты.
Мен өзім тәрбиелеп отырған «Толағай» ересектер тобында өткізген әдістеріме тоқталар болсам, бұл әдістер балалардың ақыл - ойлары мен қиялдарының дамуына ықпал етеді.
«Сиқырлы бұтақ» әдісі: Таңертеңгілік бала қабылданып болғаннан кейін балаларды түгелдеу мақсатында мен тәрбиешілерге мына «сиқырлы бұтақ» әдісін ұсынамын. Бұл әдіс негізінен тәрбиеленушілердің күнделікті балабақшаға қызығып келуіне әсер етеді. Менің тәрбиеленушілерім күнде таңертең келген сәтте өздерінің суреті бар тақия мен сәукелені қорапшадан алып «Сиқырлы бұтаққа» іледі. Бұл бұтақтың сиқырлылығы бір күні бұтақтағы сәукеле мен тақия түгел болса, бір күні бұтақтағы заттар азаяды. Сондықтан да бұтақты сиқырлы деп атадым. Бұл әдісім менің тобымдағы балаларды тез түгелдеп алуыма көмегін тигізеді. Бұл балалар үшін де қызықты әдіс. Нәтижесінде балалардың балабақшаға қызығушылығы оянады.
Қолғап театры: Бұл қолғап театрын көбіне көркем әдебиет сабағында пайдаландым. Қолғап театрында түрлі - түсті қағаздан кейіпкерлердің бейнесін жасап оны қолға кию арқылы ойнаттым. Мен осы тәсілді пайдаланып «үйшік» ертегісін өткіздім. Мұнда жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, жылмаң түлкі және де қорбаңдаған аюды жасадым. Бұл ұйымдастырған іс - әрекет қызықты да, әсерлі болды. Нәтижесінде балаларды ауызбіршілікке, достыққа, татулыққа үйретеді.
Моторика: Мектеп жасына дейінгі балалардың саусақ бұлшық еттерінің жақсы дамуы оның сөйлеу қабілетінің өз деңгейінің дамуына жақсы әсерін тигізетінін көптеген ғалымдар дәлелдеп отыр. Сондықтанда жаттығу жасап қана қоймай, саусақтың қимыл - қозғалысында қатар дамытудың маңызы зор. Саусақ бұлшық еті, зейіні, ойлау, қиял, жүріс - тұрыс, бақылау, естіп және көріп есте сақтау, тілмен өте тығыз байланыста болады. Ғалымдар мынандай заңдылықты алға тартады: егер саусақтың қимыл - қозғалысы жас ерекшеліктеріне сәйкес болса, онда тілдің дамуы өз деңгейінде болады. Қолдың қимылын дамыту үнемі жүргізіліп отыруы керек. Осыған сүйене отырып, «шығармашылық» білім саласы бойынша ұйымдастырған оқу іс - әрекетімде тіс пастасын пайдалана отырып сурет салғыздым. Түрлі – түсті параққа тіс пастасымен, сұқ саусақтарымен қар ұлпаның суреттерін салғыздым. Нәтижесінде саусақтың қимыл - қозғалысы арқылы баланың сурет салуға қызығушылығы артады және шаттыққа, қуанышқа бөлейді.
«Оригами» әдісі: Бұл әдісті тіл дамыту оқу іс - әрекетінде «Көктем» тақырыбында қолдандым. Бірінші топ сурет салады, ал екінші топ оригами әдісімен жұмыс жасайды. Бір плакатты қолдана отырып, суретшілер плакаттың жоғарғы және төменгі бөлігіне қаламмен сурет салады, ал екінші топ дайын суреттерді ортаңғы бөлігіне жабыстырады. Жоғарғы бөлігіне балалар бұлттың, күннің суретін салады, ал төменгі бөлігіне шөп пен гүлдің суретін салады. Екінші топ сурет арасынан ағаш үйдің, төрт түлік малдың, қойшы атаның суреттерін тауып жабыстырады. Дайын болған жұмыстан көктем мезгілінің бейнесі шықты. Нәтижесінде балалар ұйымшылдықпен қызыға жұмыс жасады. Балалар бір - бірін тыңдай білуге, ойланып әрекет жасауға дағдыланады.
«Супермаркет» ойыны: Біздің шағын орталығымызда «Дамытушы орталық» бұрышын жасап қойдық. Бұл бұрышта жиналған заттарымызды балалар ойын үстінде қолданады. Мысалы, мен «Супермаркет» ойынын жапсыру сабағында қолдандым, онда балаларды топқа бөліп әртүрлі тапсырмалар бердім. 1 - ші топқа киімдердің суретін, ІІ - ші топқа сумканың, ІІ - ші топқа дәрі - дәрмектің, ІҮ - ші топқа аяқ киімнің, Ү - ші топқа опа, далап, әтір сулардың суретін салуды ұсындым. Әр топ өз салған суреттерін қиып, менің қолымдағы плакаттың қалташаларына киімдерді бір бөлек, сумканы бір бөлек, дәрілерді бір бөлек, аяқ киімді бір бөлек, әтір суларды орын - орындарына орналастырады. Мұнда бала қай затты салу керектігін өзі таңдайды. Бұдан балалар дұрыс ойлауға үйренеді. Бұл ойын арқылы баланың қандай затқа қызығушылығы барын анықтауға болады. Бұл ойын баланы шапшаңдыққа, жылдамдыққа үйретеді.
Қуыршақ театры: Қуыршақ театрын көркем әдебиет сабағында жиі пайдаланамын. «Алдар көсе мен Шық бермес Шығайбай» ертегісінде кейіпкерлерді қуыршақ театры арқылы рольге бөліп балаларды ойнаттым. Бізде қазақы бұрышымызда көптеген қазақ халқының ұлттық киімдерін, әдет - ғұрыптарын, салт - дәстүрлерін тұрмыстық бұйымдармен танысады. Осы заттарды ұйымдастырылған іс - әрекет барысында қолданып отырады.
«Жарқырасын жұлдызың» интеллектуалды ойыны: Баланың ой - өрісін, білімін кеңейту аясында «Жарқырасын жұлдызың» интеллектуалды ойынын өткіздім. Балаларды бес сала бойынша өткен тақырыптардан сұрақтар беріп, білімдерін тиянақтау. Жарысқа негізі алты бала қатысады. Ойын төрт турдан тұрады. Әр турдың нәтижесін жұлдызша арқылы анықтаймын.
І - тур – тіл дамыту, айналамен танысу және математика сабағынан болады. Мыс: Бұл қандай аң?, Мынау не, түсі қандай? Суретте адамның қай мүшесі бейнеленген?
ІІ - тур – бір әріп таңдатамын сол әріпке сәйкес бірнеше сурет және ол әріпке қатысы жоқ екі сурет беремін. «С» әріпі берілсе сол әріпке байланысты суреттерді табу керек. Мыс: сақина, сабын, сүлгі, сәбіз, сандық, саңырауқұлақ.
ІІІ - тур – «Кім жылдам, кім тез құрастырады». Геометриялық пішіндерден бейне құрастыру. Мыс: аққала, үйшік.
ІҮ - тур – Жеңген балаға логикалық тапсырмалар беремін. Соңында екі баланың біреуі жеңіске жетеді. Жеңіске жеткен баланы «Жұлдызың жарқырай берсін, әрқашан биіктерден көрініп жүр», - деп мадақтадым. Нәтижесінде баланың сөздік қорын молайтып, шапшаңдыққа, тез ойлағыштыққа бейімделеді. Мен жұмыс тәжірибемде балаларды ұйықтатар алдында үнемі ертегі айтып ұйықтатамын.
Күннің екінші жартысында балаларды түскі тынығу ұйқыларынан ояту кезінде музыка қосып, музыка әуенімен оятамын. Ұйқысынан оянған балалар төсекте жаттығу жасайды, одан кейін арнайы жасалған түймелі жолдан өтеді. Мен түймелі жолды босаған жеміс шырындарының қақпақтарынан жасадым. Балаға түймелі жолдың пайдасы өте көп. Табанның дұрыс болуына және тітіркену арқылы бойына жағымды әсер алады. Бала түймелі жолдан өткеннен кейін кешке дейін өзін сергек сезінеді. Ұйқысынан оянғаннан кейін 3 литр суға 1 йод тамшы ерітіндісі қосылған сумен балалардың аузын шаямын. Бұл әдіс балаларды тұмау т. б. аурулардың алдын алуға септігін тигізеді.
Шағын орталығымызда ұйымдастырылған іс - әрекеттен тыс ертеңгіліктер де өтіп тұрады. Алтын күзге байланысты «Күз патшалығы» атты ертеңгілік өтті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздік ел тірегі» атты мерекесін тойладық. Онда балалар өздерін әр қырынан танытты.
Қорыта айтқанда, тәрбиелеу оқу үрдісінде бала мен педагогтың тығыз байланысы нәтижесінде мектепке дейінгі бала адамгершілік тәрбие алады, тіл байлығы, сөздік қоры дамиды, ой - өрісі кеңейеді, жеке тұлға болып дамиды. Әр тәрбиеші өз жұмысына қабілетті болса, онда болашақта Қазақстан Республикасының болашағы көркейіп, дамыған елу елдің қатарына қосыламыз. Әр бала табиғаттың тамаша жемісі.
Бала әуесқой тынымсыз зерттеуші. Сондықтанда қымбатты әріптестер «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» дегендей бүлдіршіндерімізді инабатты да, өнегелі етіп тәрбиелейік.