- 16 қаң. 2016 00:00
- 209
Оңтүстік Қазақстанда білім саласының алқа мәжілісі өтті
Оңтүстік Қазақстан облысында білім саласының алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиында маңызды 6 мәселе қаралды. Басқарма басшысының міндетін атқарушы Қ.Құлажанов төрағалық еткен жиында Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсу, Реформалар, Даму» тақырыбындағы Жолдауы насихатталып, ҚР «Білім туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар таныстырылды.
Сонымен қатар алқа отырысында өткен жылғы білім саласының жұмыстары қорытындыланып, осы жылда атқарылатын жұмыстар мен міндеттемелердің жүйелі түрде іске асыру жолдары пысықталды. Облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы жанынан құрылған Алқа мүшелері 2015 жылы жүргізілген аттестаттау жұмыстарының қорытындысын саралады.
Мұндай алқа мәжілісі бұл өңірде осыдан 10 жыл бұрын өткізілген болатын.