- 11 ақп. 2020 00:00
- 231
Оқымасаң, қайдан біліп тұрсың
Бірде Қожа бір досына хат жазып отырады. Қасындағы біреу Қожаның жазғанына көз қиығын салып қарай берсе керек. Әлгі кісіге әбден ызаланған Қожа досына хатты былай деп жазады:
— «Уа, құрметті досым, саған айтар әңгіме, жазар сөз көп еді. Бірақ қазір, осы сәтте, менің желкеме төніп бір көк есек тұр, ол жазғанымның бәрін оқып та тұр».
Әлгі кісі жатып ашуланады:
— Бұл неткен бейбастақтық? Мені «есек» деуге қай хақың бар?
— Біреудің хатын неге оқисың?
— Қашан оқыдым? Сонда Қожа:
— Оқымасаң, менің сені «есек» дегенімді қайдан біліп тұрсың? — депті.