- 05 нау. 2024 02:27
- 214
Оқыту үрдісінде ұлттық тәрбие беру мен халықтық педагогиканың тиімділігі
И.Әбдікәрімов атындағы
аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы
Нугманова Мақпал Зейнуллақызы
Оқыту үрдісінде ұлттық тәрбие беру мен халықтық педагогиканың тиімділігі
Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің қазақ баласының болашағы үшін бойындағы бар күш - жігерін арнағанын қоғамдық қатынастардағы шығармашылық істермен айналысуда өз ұлтының тарихын, мәдениетін, әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін өте жоғары бағалап, оның оқу - тәрбие жұмыстарында іске асыру идеяларын алдына мақсат етіп қойғаны белгілі. ХХ ғасырдағы әлемдегі өркениетке - Ұлы Абай мұралары философиялық ойлар мен танымдық - тағылымдық ғибраттар қазынасын басқа қырынан көрсетті. Қазақтың ұлттық таным мен тағылым тарихнамасын Абайға дейінгі кезең және Абайдан кейінгі кезең деп атауымызға болады. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби - педагогикалық оқулықтарға енгiзген М. Жұмабаев болды. Бүгінгі жаңа Қазақстан жағдайында – республика мектептері мен арнаулы оқу орындарында және басқа тәрбие ошақтарында ұлттық тәрбие құндылықтарын әлемдік өркениетті озық мәдениетпен кіріктіре іске асырудың жолдарын қарастыруды жөн деп санаймыз.
Қазіргі кезеңде білім жүйесінде ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылады. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгi туындады.
Егемендi елiмiзде соңғы жылдар тiзбегiнде жүргiзiлiп келе жатқан бiлiм реформасына қатысты түбегейлі бетбұрыстар, атап айтқанда әлемде дамыған мемлекеттердегі білім саясатының негізгі көрсеткіші болып саналатын 12 жылдық білім беру жүйесіне ену қарқыны – қоғамдық ортадағы адамдардың ерекше пiкiрлерi мен көзқарастарын қалыптастыруға негiз болды. Көптеген өнеркәсiп орындарының жаңа технологиялық қондырғылармен қайта жабдықталуы - бiлiм сапасының жаңа деңгейге көтерiлуiне өзгеше талап қойды. Аса қарқынды белең ала бастаған аталмыш құбылыстарға мемлекет тарапынан терең талдаунамалар жасалып, ортақ проблеманы бұқара халықпен бiрлесе отырып атқару мәселелерi жолға қойылуда.
Ел Президентiнiң сөйлеген сөзінде: “.. Барлық дүние мектептен басталады. Сондықтан әлемдік стандартқа сай жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтардың кәсіби деңгейі мен жаңа оқулықтар мен технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет..”,- деп, атай келе “Қазақстан – 2030” бағдарламасында: “... бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп - жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз заманының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады...”,- делінген.
Негізінен замана жетiстiктерi яғни жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми - практикалық конференциялар мен зерттеуші ғалымдардың нәтижелерiнде этнопедагогика мұралары назарға iлiніп, оны ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың қажеттілігі ұсынылуда.
Еліміздің егемендік алуына байланысты соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеу еңбектерінде ұлттық мәдениетке баса көңіл бөлу назарға алынды. Әсіресе, оқушыларға ұлттық тәрбие берудiң педагогикалық маңызы жөнiндегi мәселелерге көптеген ғалымдар өз еңбектерiн арнаған. Онда ұлттық тәлiм - тәрбиенiң генезизi ғылыми - методологиялық тұрғыда сарапталынып, оқу - тәрбие жұмыстарына ендiру қажеттiлiктерi ұсынылған.
Толық нұсқасын жүктеу