Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Үй жануарлары
Жамбыл облысы,
Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
«Балапан» балабақшасының тәрбиешісі:
Аманжолова Жанар Байрамбаевна

Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық
Бөлімі: Экология. Мүсіндеу.
Мақсаты: Балаларға үй жануарларының неліктен үй жануарлары деп аталуын түсіндіру. Олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету. Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Балаларға ермексазды илеу, алақан арасында домалақтауды үйрету, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер, ойыншық үй жануарлары.
Әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Сөздік жұмыс: үй жануарлары.
Билингвизм: сиыр - корова, бұзау - телёнок.
Инклюзивтік: балалармен жеке жұмыс жүргізу
Кейіпкер: әже
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын,
Қайырлы таң достарым,
Сәлеметсіз бе, әпкейлер.

Ұйымдастыру ізденіс
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер мұқият тыңдап, шешуін табындар.
Жұмбақ:
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар.
(Қой)
Екі найзасы бар,
Екі айнасы бар,
Төрт сылдырмағы бар
Бір сыпырғышы бар.
(Сиыр)
Мына суреттен қандай үй жануарларын көріп тұрсындар?
Балалар бұлардың бәрін бір сөзбен үй жануарлары дейміз.
Үй жануарларының адамға пайдасы мол. Сондықтан үй жануарлары қорада өмір сүреді. Адамдар үй жануарларына қамқор жасап оларға жем, су, шөп береді.
Сиыр бізге сүт береді, сүтінен айран, май, құрт, ірімшік жасаймыз.

Ал енді балалар бейнетаспаны тамашалаймыз.

- Мынау қай үй жануарлары?

Аттарын атап өтейікші.
Үй жануарларының төлдері бар.
Сиырдың төлі – бұзау.
Қойдың төлі - қозы.
Жылқының төлі - құлын.
Ешкінің төлі - лақ.
Түйенің төлі - бота дейміз.

Балалар енді сендермен «Төлін тап» ойынын ойнаймыз.

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.
Шарты: Үй жануарларының суреті ілініп тұрады. Осы жануарларының жанына өз төлін тауып ілуі керек.

Ал енді балалар теледидардан жануарлардың өздеріне тән дыбыстарын тындайық.

Балалар бүгін бізге қонаққа әже келіпті. Қане бәріміз әжемен амандасып алайық.
Әже:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Тәрбиеші:
- Балалар әже бізге базарлық алып келіпті. Қане не алып келгенін көріп аттарын атап өтейік.

Бұл тағамдарды біз сиырдың сүтінен жасаймыз.
Сиырдың дене мүшелері туралы түсінік беру.
Сиырдың төлін – бұзау дейміз. Сиыр мө - мө - мө деп дыбыстайды.
Билингвистика:
Сиыр - корова.
Сөздік жұмыс: Үй жануарлары

Сергіту сәті:
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау қозы, құлыншақ,
Ойыншықтар тындайды,
Айтқаныңнан шықпайды.
Шығармашылық ортаға барады.
Балалар біз әжеге сыйлыққа құрт жасап берейікші.
Ол үшін алдымыздағы ақ түсті ермексазды алақан арасына салып, жұмсартып, сол алақанға қойып, оң алақанмен домалақтаймыз.
Қауіпсіздік ережесі:
Жеңімізді түреміз, ермексазды ауызға салуға болмайды, үстелдің үстіне, киімге жағуға болмайды.
Әже: қараңызшы біздің балалар сізге қандай әдемі құрт жасап берді.
Әже: Балалар сендерге көп рахмет!
Мен енді үйге барып мына жасаған құрттарыңды аталарыңа көрсетейін.

«Не жоқ» ойыны.
Шарты: Үстелдің үстіне ойыншық үй жануарларын қойып. Сол ойыншықтың ішінен, бір ойыншықты алып тастап, жоқ ойыншықты тапқызу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама