Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 54 минут бұрын)
"Оқу жылын аяқтай алмадым": Белгілі мектеп директоры ауруханаға түсті

Әлеуметтік желіде белсенділік танытып, көпшіліктің ықыласына бөленген мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза денсаулығына байланысты ауруханаға түсіп қалды. Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазба қалдырып, оқу жылының аяқталуына аз қалғанда ауырып қалғанын жеткізді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Денсаулыққа көңіл бөлмеген

Ақмоншақ Нұртазаның айтуынша, соңғы үш жылда директорлық қызметке кіріскеннен бері өзінің денсаулығына жеткілікті көңіл бөлмеген. Уақытты сылтау етіп, дәрігерге қаралмай жүргені салдарынан жағдайы қиындап кеткен.

«Оқу жылының соңына жете алмай, ауырып қалыппын. Бірақ шүкір, керемет дәрігерлердің қолына түстім. Сіздердің ақ тілектеріңіз бен дұғаларыңыздың арқасында тезірек сауығып кетемін деп сенемін», – деп жазды ол.

Ұстаздарға кеңес

Ұстаз оқырмандарын өз денсаулығына бей-жай қарамауға шақырды. Оның пікірінше, адам ең алдымен өзіне, содан кейін отбасы мен жақындарына қажет. Ақмоншақ Нұртаза дәрігерлерге алғыс айтып, наркозбен жасалған зерттеуден кейін жағдайы жақсарғанын хабарлады.

«Денсаулық – бәрінен қымбат. Ауырмаңыздар. Дәрігерлерге ерекше респект. Біз, ұстаздар, кейде жұмысымызды қиын санаймыз, бірақ дәрігерлердің еңбегіне бас иемін. Аман болыңыздар, ақ халатты абзал жандар», – деп жазды ол.

Жаңалықтар

Жарнама