Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Оқушыларды ҰБТ мен ОЖСБ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Оқушыларды ҰБТ мен ОЖСБ - ға дайындаудың тиімді жолдары
Білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында 2004 жылдан бастап республикамызда Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі енгізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеу - жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттауының бір түрі.

Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң дамуы оқушыны сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда.

Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапасын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ - ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi бес пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау. Бағдарлама – мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру - оқушының, меңгерту – мұғалiмнiң ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.
Бірыңғай тестілеу жүйесі елімізде жыл сайын жетілдіріліп келеді. Әр жылғы тест жүйесі мектепте біздің қалай оқытып жатқанымыз бен мектеп бітірушілердің нені талап ететіні арасындағы алшақтықты анықтап береді. Бұл жағдай әр мұғалімнен ҰБТ - ға дайындаудың тиімді әдіс - тәсілдерін шебер меңгеруді талап етеді. Бүгінде тарихты оқытудағы басты мақсат дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды білетін, оларды өз Отаны - Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан - жақты жетілген, өзінің қоғамдағы орнын түсінетін азаматтарды қалыптастыру. Бұл міндеттің орындалуында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына оқушыларды жан - жақты дайындау үлкен рөл атқарады. Міне, осы Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілгеннен бергі уақыт ішінде жылма - жыл оқушыларды физика пәнінен дайындап келемін. Оқушылар арасында тестіні жаттап алсақ болды деген теріс түсінікте қалыптасқан. Тест сұрақтарын үнемі жаттап алу, тестілеу кезінде жауаптардың бәрі дұрыс сияқты болып, оқушылардың шатасып қателікке жол беруіне әкеледі. Жаттау әдісі бойынша оқушы оқиғаның түп - тамырына назар аудармайды.

Әр мұғалімнің оқушыны дайындауда өзіндік әдіс - тәсілдері болады. Менде тестіге қатысты тәжірибеде көзім жеткен, күнделікті жүргізіп отырған жұмысым туралы, оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестіге дайындауда қолданатын әдіс - тәсілдеріммен ой бөлісіп, ортаға салғым келеді. 10 - 11 сынып оқушыларына алдымен ҰБТ - ға қалай дайындалу керек екендігі жөнінде түсінік беремін. Оларға мына жағдайларды қатаң есте сақтауларын талап етемін.

1. Тақырыпты алдымен оқулықтан қарап шық.
2. Сабақты зейін қойып оқып, керекті жерлерін дәптерге түсір.
3. Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беруге тырыс.
4. Дайындық барысында мектепте не болмаса үйде сұрақ - жауап әдісін пайдалан.
5. Тест сұрақтарына дұрыс жауап беру үшін алдымен қате жауапты сызып таста.

Оқушыларды ҰБТ мен ОЖСБ - ға дайындаудың тиімді жолдары. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама