Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнінің мақсаты – оқушылардың қарым - қатынас біліктілігін қалыптастыру, дамыту, тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген.
Мемлекеттік тілді игеру үшін сабақта жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, ауызша және жазылым арқылы оқушының ауызекі сөйлеу тілін дамытып, қазақ тілін нәтижелі үйрету мақсатымен жан - жақты әдіс тәсілдер қолданып, мұғалім көп ізденіс жұмысын жүргізеді.

Сабақта оқушылардың сөйлеу қызметін ұйымдастыру барысында оларды өздігінен сөйлеуге итермелейтін - тіл дамыту жұмыстары. Тіл дамыту дегеніміз - оқушыны тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа адамға толық жеткізуге дағдырландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы түсінуге үйрету болып табылады. Тіл дамытуда қазақ тіліне тән дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру, қазақ сөздерінің айтылу нормасын қалыптастыру, қазақ тілінің орфоэпиясы мен орфографиясын меңгерту жұмыстары жүргізіледі. Ал бұлар ауызша сөйлеу тілінің негізгі мәселесі болып табылады.

Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастырғанда, жаттығулардың атқаратын қызметі зор. Жаттығулар екіге бөлінеді: тілдік және сөйлесу жаттығулары. Тілдік жаттығулардың міндеті – тілдің грамматикалық материалын оқушыға меңгерту. Сөйлеу жаттығулары қарым - қатынас жасауға бағытталады. Оған сұраққа жауап беру, өзі сөзге сұрақ қоя білу, тілдік жаттығуларда меңгерген сөйлем үлгілерін сөйлеуде еркін қолдану, орысшадан қазақшаға ауыстырып, тақырып бойынша шығарма жазу, жоспарланбаған, дайындалмаған тақырыптарда сөйлеу, т. б. жатады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама