 
                            - 14 сәу. 2015 00:00
- 852
Орхидеялық дәуіт
Орхидеялар әлемдегі ең әдемі гүлдердің бірі болса, онда орхидеялық дәуіт (Hymenopus coronatus) – жәндіктердің ең әдемісі болып табылады. Бұл дәуіт өзінің ерекше түсімен орхидеяға ұқсайды. Үлкен дәуіттің түсі ашық алқызыл, ал құрт кезінде қызыл-қара түсте болып құмырсқаға ұқсайды.

Орхидеялық дәуіттер Индия мен Индонезияның тропикалық ормандарында мекендейді. Орхидеялық дәуіттердің негізгі қоректері ұсақ жәндіктер.



 
                         
                 
                         
                                             
                                             
                
























