- 12 нау. 2018 00:00
- 284
Осыған ұқсас роботтар бір күні марстағы мекеннің құрылысын салумен айналысады
Адамзат баласы Марсқа қоныстануға дайын болған кезде (ерте ме, кеш пе бұл орындалатынға ұқсайды) оларға қосымша көмек қажет болады. Төтенше жүктеме мен айрықша қиын жағдайларда жұмыс істеу мүмкіндігі бар энциклопедиялық білімді нағыз мамандардың көмегі керек. Оларға Justin тәрізді дроидтар қажет болады. Германия авиация және космонавтика орталығында жасалған дәл осындай гуманоидты боттар болашақ қоныс аударушылар үшін марстағы алғашқы тұрғын үйді салуға жауапты болады.
Неміс инженерлері ондаған жылдан астам уақыттан бері Justin роботының мүмкіндіктерін жақсарту бойынша жұмыстарын жалғастырып келеді. Ол ең алғаш 2006 жылы электроника және робот техникаларының ірі жәрмеңкелерінің бірінде таныстырылды. «Темір достың» түрлі құралдармен жұмыс істеуге, фотосуретке түсіруге және бөлісуге, ұшып бара жатқан объектілерді ұстап алуға және түрлі қиындықтағы кедергілерді айналып өтуге мүмкіндігі бар. Ал енді роботқа жасанды интеллект жүйесін дарытқан заманауи жаңартулардың арқасында, Justin-нің басқа операторға сүйенбей, өздігінен «ойлануға» мүмкіндігі бар.
Алдын-ала бағдарламалауды және әрбір қозғалысы үшін іс жүзінде қажетті нұсқаулықтармен қамтамасыз етуді қажет ететін көптеген басқа роботтарға қарағанда, бұл роботтың барлық тапсырмаларды – тіпті бастапқыда бағдарламаланбаған тапсырмаларды да толықтай автономды режимде орындауға мүмкіндігі бар.
Ажыратып тану технологиясы, сонымен қатар компьютерлік көру жүйесі «Джастинге» өзінің айналасын танып білуге және тазалау мен түрлі механизмдерге техникалық қызмет көрсету, жабдықты тексеру және заттарды тасымалдау тәрізді тапсырмаларды орындай алуға мүмкіндік береді. Өзінің соңғы тесттерінің бірінде Justin бірнеше минут ішінде істен шыққан күн тақтасын жөндей алды. Бір қызығы, роботқа сол сәтте Халықаралық ғарыш станциясының бортында болған ғарышкерлердің бірі қашықтан басшылық жасап отырған.
Роботтың биіктігі 1,92 метр, ал салмағы – 200 килограммдай. Әр қолымен Justin 14 килограмм жүкті көтеруге мүмкіндігі бар. Әрбір қолында төрт-төрттен орналасқан саусақтарының арқасында ол түрлі құрал-жабдықтарды пайдалана алады. Көру жүйесі ретінде робот өзіне қоршаған айналаның үш өлшемді моделін жасауға мүмкіндік беретін ажыратымдылығы жоғары камера мен сенсорлар жиынтығын қолданады. Робот түрлі компьютерлік жабдықтармен жылдам синхрондалуға, сонымен қатар күн энергиясының көзіне қосылу арқылы өздігінен өз батарейкаларын қуаттап алуға бейім. Барлық қажетті хаттамалар роботтың жергілікті жадында сақталады. Басқаша айтқанда, ол тіптен коммуникациялық байланысты жоғалтқан жағдайда да тапсырмаларды орындай алады. Сондай-ақ роботтың тағы бір таланты, оның шәй мен кофе әзірлей алатындығы болып табылады.