Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Өсімдік – өмір өзегі
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік – өмір өзегі
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділігі: Табиғаттағы өсімдіктердің адамдарға тигізетін пайдасын, олардың мүшелерінің ерекшеліктері туралы, жер ғаламшарымызда өсімдіктердің
көптүрлілігі туралы алған білімдерін бекіте отырып, пайдасының ұшан - теңіз екендігіне көз жеткізу.
2) Дамытушылығы: Оқушылардың жаратылыс тану пәніне қызығушылықтарын арттыру, қосымша материалдарды қолдана білуге дағдыландыру, ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
3) Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге, оның байлығы мен берекелі тіршілігін қорғауға, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар: Әдебиет, тарих, экология.
Көрнекіліктер: өсімдіктер туралы нақыл сөздер, муляждар, гүлдер түрлері,

Сабақтың барысы: Өсімдік – адам үшін азықтың қайнар көзі, байлығы, тірі
табиғаттың бір бөлігі, қазынасы. Өсімдіктер әлемі – бізді қоршап тұрған жасыл әлем. Өсімдіктер барлық жерде кездеседі. Өсімдіктер көмірқышқыл газын сіңіріп,
ауаға бос оттегін бөліп отырады. Тірі ағзалардың тыныс алуын, қоректенуін қамтамасыз етеді. Өсімдік – адам ағзасына нәр беретін дәруменнің көзі. Өсімдік - адамдар мен ұшқан құс, жүгірген аңға баспана. Шығыс халықтарында имандылықтан келетін үш сауап бар: шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен.
Жасыл желек - жердің сәні саялы,
Қамқор болсаң жапырағын жаяды.
Мейіріммен жылуын арна жүректің,
Соған қоса алақан керек аялы - дей келе сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Алдарыңызға «Бәйшешек»,«Раушангүл», «Ақбидай» топтары.
Шеберлікті, білімді
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер. (Әділ қазылар алқасы сайланады)

Сайыс жоспары:
1. Таныстыру. (топтың аты, ұраны, ән, өлең жолдары)
2. Менен сұрақ, Сізден жауап (10 сұрақ қояды топтар бір - біріне)
3. Жарнама. (бір өсімдікті жарнама жасайды)
4. Көрініс. (Өсімдіктер туралы болуы шарт)
5. Құпия сандық
6. «Өрмекші торы» ойыны
Жүргізуші: - Басталар сайыс енді жоспарменен,
Достарым отырсыз ба елеңдесіп.
Ата - салт, баба дәстүр жолымен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

І кезең. Сайысымыздың 1 - бөлімі « Таныстыруға» кезек берейік.
1 - топ. «Бәйшешек»
Ұраны: Біз боламыз қырларында текеметтің,
Көктемге алғаш көрік әперетін.
Бәйшешекпіз, көмектесеміз қар астында,
Қыс ызғарын қаймықпай көтеретін.
Өсімдік – өмір өзегі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама