Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қош бол, бастауыш сынып!
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қош бол, бастауыш сынып!
Тәрбие сағатының мақсаты: Білім негізі бастауыштан қаланатын оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазымен қоштасу рәсімін жасау. Бастауыш мектептен алған білімдерін, өнерлерін байқату, ортаға салу. Ұстаз еңбегін бағалай білуге, жан - жақты білім алуға, саналы азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұстаз, мектеп, Отан туралы даналық сөздер жазылған плакаттар;
Балалар қолөнерлерінің көрмесі, қабырға газеті, буклеттер, шарлар, гүлдер.

Тәрбие сағатының барысы:
Көңілді әуен ойналып тұрады.
ФАНФАРЫ ойнайды
Мұғалім:
Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. « Бастауышым - балбұлағым!» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.
Қошеметпен шақырамыз ортаға,
Қадам басқан шәкірттерін құрметті
Енді бастауыш сынып бітіруші түлектерді ортаға шақырайық.
(музыка әуенімен оқушылар қолдарын бұлғап ортаға шығады)

Ернұр: Бүгін бізге қуанышты және өте қимастықпен білім нәрімен сусындатып 42 әріпті танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасатын күн де келген сияқты. Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған едік. Бүгін бастауыш сыныпты аяқтап, орта буынға көшкелі отырмыз. Осынау қимаста қуанышты сәтте бізбен бірге болғандарыңызға қуаныштымыз.
Жанель: Ия, Ернұр дұрыс айтасың. Алғашқы ұстаз! Мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланы жылы жүзбен қарсы алады. Қолынан жетектеп алып партаға отырғызды.
Мәди: Достар естеріңе түсіріңдерші. Біз ұстаз - ананың көмегімен қағазға алғашқы әріптерді түсірдік, сан санауға үйрендік. Ол бізге қаламсапты қалай ұстау керек екенін көрсетті. Әріптерден құрастырып жеке сөздерді, онан әрі тұтас сөйлемдерді оқуға машықтандырды. Біз оның көмегімен қарым - қатынас жасау ережелерін игердік. Тіпті, дұрыс амандасып, дұрыс қоштасуды да үйрендік.

Жұлдызай: Дұрыс айтасың, Мәди. Шынында ұстаз - ана таңқаларлық төзімділікпен бізді жан - жақты үйретті. Әр оқушының қасына келіп, қарындашты қалай ұстау керектігін көрсетті. Содан кейін түсініксіз сөздерді зор ынта қойып ұғындырды.

Асия: Ұстаз өзі байқамастан, асқан ерлік жасады. Кенет, біздің алдымызға жаңа, бұрын - соңды естіп, көз көрмеген әлемді жайып салды. Одан біз тап сол кезде Қазақстандай үлкен тәуелсіз мемлекет бар екендігін естідік.

Аяулым: Әлемде ғаламат үлкен теңіздер бар екенін, ол теңіздерде таудай кемелер жүретінін білдік. Кәдімгі базардан әкелетін жермайды жер астынан өндіріп алатынына да көз жеткіздік.

Бекзат: Құрметті ұстаздар мен ата - аналар жиналған болса, ертеңгілігімізді бастайық. Біздікі не тұрыс?

Мадина: Дұрыс айтасыңдар, бастайық 4 жыл тынығуды білмей тыным таппаған, Ұстазымызда бір дем алып біздің өнерлерімізді тамашаласын.
Сол кезде алып ұшып, алқа – салқа Даниял кіріп келеді

Даниял: Ой, достар, бастап қойдыңдар ма? Мен, не кешігіп қалдым ба?

Мадина: Ия, Даниял сенің әдетің емес пе әрдайым кешігіп жүретін. Дәл осы жолы үлгердің.
Даниял: Кешіріңдер, достар көңілімді түсірмеңдерші! Бастауышымызбен қоштасу сәтін кереметтей өткізейік. Жарайды, олай болса, бастайық.

Барлығы бірге тұрып сәлем береді.
Ұлдар: Ассалаумағалейкум, ағайындар!
Қыздар: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Барлығы: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
Музыка ойнайды (Өз елім)
Шашу (Жұлдызай апасы мен Аяулым мамасы шашу шашады)
Диана:
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

Мадияр:
Армысыздар аталар мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Фарабидей бабалар.
Қош бол, бастауыш сынып! жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама