Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 15 сағат бұрын)
Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж
Дүниетану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж».
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктерге қамқорлық жасау, қорғау жайлы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың білімін тереңдету, нығайту, қорытынды жасау.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой - өрісін, тіл байлығын, шығармашылық тапсырмалар арқылы ақыл - ойын дамыту
Тәрбиелік: Табиғатты құрметтеуге, аялай білуге үйрету, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның картасы, Қазақстанның қызыл кітабының суреті, плакат, семантикалық карта, гүлдер, карточкалар
Сабақтың түрі: Таным сабақ
Пәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану пәні.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен амандасу, өзімді таныстыру, түгендеу;
ә) сабаққа даярлығын тексеру;
б) ауа райы кестесі, қорытынды.

Психологиялық дайындық:
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
8 оқушыға таратпа тарату, 2 - 3 оқушыдан ауызша сабақ сұрау.

№1.
Аты - жөні: ________________________________

1. Өсімдік топтарын анықта.
- Ұқсастығы:
- Айырмашылығын тап.
Жауабы:
2. Өсімдік өсу үшін не қажет?
Жауабы:
№2.
Аты - жөні: ________________________________

1. Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?
Жауабы:
2. Өсімдіктің тіршілік ортасын ата.
Жауабы:
№3.
Аты - жөні: __________________________________

1. Тіршілік ету мерзіміне байланысты анықтама бер, мысал келтір.
Біржылдық –
Екіжылдық –
Көпжылдық –
2. Суыққа төзімді өсімдіктер сипаттама бер.
Жауабы:

Жауаптары:

№1.

1) Өсімдік топтары

Ағаштар, бұталар, шөптер, су өсімдіктері

Ұқсастығы: өсімдік тобы;
Айырмашылығы: сабағы – жуан, жіңішке, қатты, жұмсақ, біреу, көп; жапырағы – жалпақ, қылқанды. Гүлдері түрлі түсті болып келеді.
2) Өсімдік өсу үшін ауа, жылу, ылғал, жарық, қорек қажет.

№2.
1) Белгілі бір уақыт мөлшерінде тіршілік етеді. Өсімдіктер бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық болып бөлінеді.(әр топтағы өсімдіктерді атау)
2) Өсімдіктер далада, тауда, шалғында, суда өседі.

№3.
1)
2) Бидай, сұлы, арпа сияқты өсімдіктер суыққа төзімді болады. Олардың тұқымдарын топыраққа ерте көктемде себеді. Көкөніс өсімдіктерінен сарымсақ, сәбіз, пияз, шалқан да суыққа төзімді келеді.

ІІІ. Жаңа сабақ
(ребус арқылы ашу)
Бүгін сабақта біз адамның табиғатқа іс - әрекетімен танысамыз.
Сабағымыздың тақырыбы: «Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж». Дәптерімізді ашып, бүгінгі күн мен тақырыпты жазайық.
Өсімдік - тіршілік тірегі. Өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады.
Сонымен бірге жануарлар үшін қорек, баспана. Ал адам тағам, үй, жиһаз, ауырғанда ем ретінде пайдаланады.
Адамның түрлі іс - әрекеттері өсімдікке әсер етеді. Тікелей әсері - орманды кесу. Кешенді әсері - ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу үшін егістіктерді, бау - бақшаны, егістіктерді жояды. Ойланбай істелетін іс-әрекеттері - шаруашылық саласында, демалыс кездерінде байқамай өрт шығып, өсімдіктерге зардабын тигізеді. Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттің 70%- зы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.
Өсімдіктер әлемін сақтау, шаруашылық мақсат үшін кесілген ағаштардың орнына жас тал отырғызу, көшелерді, үй маңын көгалдандыру сияқты жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ерекше қорғауды қажет ететін өсімдіктер Қазақстанның Қызыл кітабына тіркеледі. Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктердің суретін көрсету.
Ақжапырақ (сурет)
Таушымылдық (сурет)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама