Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 17 сағат бұрын)
Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі Аяпова Дамегул

Сабақтың атауы: Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Ұлыстың ұлы күнінде
Мақсаты
А) білімділік: Заттың қимылын білдіретін сөздерді сөйлем ішінен табуға, сұрақ қоюға дағдыландыру, өлеңді түсініп оқуға үйрету.
Ә) тәрбиелік: оқушыларға Ұлыстың ұлы күнін тойларда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мол тәжірибесінен терең сыр тартып, мереке туралы жан жақты мәлімет беру.
Б) дамытушылық: ұйымшылдыққа ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, сызба, талдаулар, т. б.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, слайдтар суреттер. Пәнаралық байланыс: өмірмен байланыс.

Психологиялық ахуал I. Ұйымдастыру кезеңі
Аспанға қарап ай көрдім
Төменге қарап жер көрдім
Оңға солға бұрылып
Егеменді ел көрдім!
Қызығушылықты ояту
Иә, балалар біздің егемендікке қол жеткізуіміздің басты сатысы Ұлы Отан соғысының басталғанына 70жыл толуымен тұстас келіп отыр. Қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен тылдағы табандылықтары ешқашан ұмытылмайды. Биыл біз Ұлы Отан соғысына 70жыл толу мерей тойын өткізгелі отырмыз. Біздің осы егеменді еліміз Наурыз айын көптеген мерекелермен қарсы алғалы отыр. Яғни Наурыз - жыл басы

Үй тапсырмасы
Сұрақтар
II. Үйге қандай тапсырма берілді?
1. Наурыз – жыл басы өлеңін жаттау.
2. Жыл аттарын жаттау.
Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.
3. Биыл қай жыл? Қой жылы
4. Сендер қай жылы туылғансыңдар? 2007 - доңыз, 2008 - тышқан.

III. Енді балалар келесі кезекте ойланып «миға шабуыл» жасайық
Тақтадағы қызыл жасыл көк түсті дөңгелектердегі сандарды таңдау арқылы артында жазылған сұрақтарға жауап береміз.
1. Буынның ережесін айт
2. Тасымал деген не?
3. Бір буынды сөздерге мысал келтір
4. Заттың атын білдіретін сөздер ойла
5. Заттың қимылын білдіретін сөздер ойла
6. Аға, ата, ұшқыш, аналар, апалар деген сөздерге қандай сұрақ қойылады?
7. Ұшқыштар сөзін буынға бөл
8. Жауқазын сөзін тасымалда
9. Дәптер, қалам, қоян, тоқылдақ деген сөздерге қандай сұрақ қойылады?

Мағынаны тану
Балалар жаңа сабағымызды бастамас бұрын сызбамен жұмыс жүргізейік
Балалар біздің сызбамыз неге ұқсайды? (балалар жауаптары тыңдалады).
Киіз үйге ұқсайды, шаңырақ пен уық, кереге бейнеленген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама