Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 05 мам. 2026 10:00
- 25
«Пәтер жалдап тұратыны ақылға сыймайды»: Дана Нұржігіт Меруерт Өтекешованың жағдайын айтып берді
Тележүргізуші Дана Нұржігіт, белгілі актриса Меруерт Өтекешованың Майя Бекбаеваға берген сұхбатынан кейін қатты әсерленгенін айтты. Өнер иесінің қазіргі жағдайы журналисттің жүрегін ауырттырды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақылға сыймайтын әділетсіздік
Дана Нұржігіт Меруерт Өтекешованы «интеллигенцияның үлгісі» деп атап, оның сұлу келбеті мен нәзік болмысымен қатар, өмірдегі үлкен сынақтарға да төтеп бергенін атап өтті. Актрисаның Астанада пәтер жалдап тұратынын естігенде, журналист қатты таңғалғанын жасырмады. Ол мұны «ақылға сыймайтын әділетсіздік» деп бағалады.
«Қыз Жібек» фильмін сақтап қалған ерлік
Сондай-ақ, Дана Нұржігіт Меруерт Өтекешованың өнерге сіңірген еңбегін, әсіресе «Қыз Жібек» фильмін сақтап қалудағы ерлігін ерекше атап өтті. Горбачев кезінде қор ашып, бір тиынын да шашпай, фильмді Мәскеудегі архивтен қайта жаздырып, елге жеткізгенін жоғары бағалады.
Құрмет сөзбен емес, іспен көрсетілуі тиіс
Тележүргізуші актрисаның елордада «Қыз Жібек» пен Төлегенге ескерткіш қою туралы бастамасын да қолдады. Сөз соңында ол өнер адамдарына деген құрметті тек сөзбен емес, нақты қолдаумен көрсету керектігін жеткізді. «Ең үлкен құрмет – Қыз Жібегіміздің жағдайын жасап, оған лайықты өмір сыйлау. Бұл буын ешқашан қол жаймайды, барға қанағат етіп, жоққа шүкір дейді», – деп ойын түйіндеді.