Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Отандық ғалымдар жанбайтын кабель жасап шығарды

Қазақстандық ғалымдар отқа төзімді, жанбайтын, балқымайтын және радиацияны өткізбейтін ерекше кабель түрін ойлап тапты. Бұл жаңалық ғимараттардағы өрт қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, өрттердің басым бөлігі кабельдердің ақауларынан туындайды, ал жаңа өнім бұл мәселені шешуге көмектеседі.

Саясат Нұрбек жаңашылдықтың тиімділігін дәлелдеу үшін Үкімет басшысы О. Бектеновтың кабинетінде эксперимент жасағанын айтты.

"Премьер-министр сеніңкіремеді. Сол кезде ол маған «зажигалкаңды әкел» деді. Мен кабельді жарты сағат бойы жағып тұрдым. Бірақ ол жанбады. Бұл кабельдің сапасы өте жоғары. Былтыр оның алғашқы үлкен партиясы экспортқа шықты. Қазір «Өзбекстан темір жолдары» ұлттық компаниясы осы кабельдерді қолдануда", – деді министр.

Бұл инновациялық кабельдер тек Қазақстанда ғана емес, шетелдік нарықта да сұранысқа ие болуда. Алдағы уақытта оларды құрылыс және өнеркәсіп саласында кеңінен пайдалану жоспарланып отыр. Жергілікті ғалымдардың бұл жетістігі елдің ғылыми әлеуетін көрсетіп қана қоймай, экспорттық мүмкіндіктерін де кеңейтуге жол ашпақ.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама