
- 11 нау. 2025 22:43
- 44
Назарбаев университетіне қазақстандық кадрлар тартылады- Саясат Нұрбек
Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Назарбаев университетінде енді қазақстандық мамандардың үлесі артады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, университеттің үшжылдық стратегиясы бекітіліп, жаңа құрылымдық жүйелерге жергілікті кадрларды тарту мәселесі қарастырылып жатыр.Бұл туралы infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің сөзінше, Назарбаев университеті автономды білім беру ұйымы болғанымен, оның басшылығымен келіссөздер жүргізілген. «Қазір университетте өзіміздің мықты математиктер, физиктер мен ғалымдар бар. Университет басшылығы бұл факторды ескереміз деп уәде берді», – деді ол.
Мұның алдында Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Назарбаев университетіндегі декан лауазымына қазақстандық мамандардың сирек тағайындалатыны туралы мәселе көтерген болатын. Бұл жағдай қоғамда талқыланып, университеттің кадрлық саясатына қатысты түрлі пікірлер айтылды.
Министрлік пен университет басшылығының келісімі жергілікті мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашып, жоғары оқу орнының дамуына оң ықпал етеді деп күтілуде.