- 05 нау. 2024 04:38
- 330
Отбасыңа жақсылық тілеймін
Өзін - өзі тану
Ашық сабақ
Тақырыбы: Отбасыңа жақсылық тілеймін
Мақсаты: Оқушылардың санасындағы «Отбасы», «Үй» ұғымдарын кеңейту, балалар бойында жанұядағы өзара жақсы қарым - қатынас пен татулыққа ұмтылуды қалыптастыру.
Әдістер: әңгіме, әңгімелесу, оқулықпен жұмыс, түсіндіру.
Құрал - жабдықтар: оқулық, көмекші дәптер, қайшы, желім, фломастерлер, түрлі - түсті қарындаштар
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері
- Балалар, бәріміз ортаға шығып «Жылылық шеңберін» құрайық.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Өзіңнің сүйікті оқушыларыңды «Өзін - өзі тану» сабақтарында көрген қандай жақсы. Осындай мейірімді, ақылды, өмірге, білімге құштар балаларымды көргеніме өте қуаныштымын. Сендермен бірге болғаныма тек мен ғана емес, шуақты күн де қуанып тұрғандай. Ендеше біз де бір - бірімізге күлімсіреп, алақандарымыздың жылуын байқай отырып, сәлем берейік! Бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін өзімізге және келген қонақтарға жақсылық, көтеріңкі көңіл тілейік.
- Біз тағы да біргеміз,
- Сөгілмейді іргеміз.
- Құшып күннің шуағын,
- Көрісеміз қуанып.
- Амансыз ба, Алтын күн,
- Амансыз ба Көк аспан
- Амансыз ба ағайын
- Сіздерді көрсем қуанам.
Міне, тамаша! Ал, енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шақырамын. Көздеріңді жұма қойыңдар.
Тыныштық сәті
Әуен ойналады.
Мен әуенді қосқан кезде бәріміз жүрегіміздегі сиқырлы әлемге аттанамыз. (тыныс алу) Біздің жүрегімізде кішкентай адам өмір сүреді. Оның аты да дәл сендердікіндей. Қолдарыңды жүректеріңнің тұсына қойып, оның қалай соғып тұрғанын сезініңдерші (тыныс алу). Ол біздің жүрегіміздің ішіндегі «Мен осындамын». «Мен сенімен біргемін»- деп тұрған кішкентай адам ғой. Оған өздеріңнің күлкілеріңді сыйлаңдар. Жүрегіміздегі кішкентай адам әрқашанда бізбен бірге болады. Жүрегіміз бізге тек ақылдар мен жақсы сөздер айтатын болады. Себебі, оны тек біз өзіміз ғана ести алатын боламыз. Жүректеріңе іштей рахмет айтыңдар. Ол сендердің ризашылық сөздеріңді естісін. Сездіңдер ме, ол одан да бетер қатты соғып кетті. Олар бізді естігенін білдіріп жатыр. Осы сәтті естеріңе сақтаңдар!
Енді көздеріңді аша қойыңдар. Қолдарыңды жоғары, содан кейін екі жаққа созыңдар. Терең дем алыңдар.
Міне, тамаша!
Алматы қаласы,
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Абилкасымова Айна Нурадиновна
Толық нұсқасын жүктеу