Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Отбасындағы сыйластық
Ересек тобына арналған ұйымдастырылған технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Отбасындағы сыйластық.
Мақсаты:
а) Отбасы мүшелерін дұрыс атауға, сәлемдесіп, қоштасуға, үлкенді сыйлап, құрметтеуге үйрету;
ә) Отбасында үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлық жасауға баулу;
б) Инабаттылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекті құралдар: отбасы туралы суреттер, хрестоматия, жұмыс дәптері.

Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Педагогпен бірге Ермек Өтетілеуұлының «Біздің шаңырақ» өлеңін қайталайды.
Атамнан басталар,
Әжеммен қосталар,
Отбасым мыналар,
Ең жақын адамдар:
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар.
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін, еремін.
- Балалар өлеңде не туралы айтылған?

Ұйымдастырушылық - ізденістік Кіріспе әңгіме(суретпен жұмыс):
- Бүгін біз оқу іс - әрекетінде отбасы және сыйластық туралы әңгімелейміз.
- Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?
- Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
- Кім суретке қарап, өз отбасы туралы айтып береді?

Өлең оқу: Отбасы
Анаң - үнің, жүрегің,
Әкең - өмір тірегің,
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Әжең - асыл ардағаң,
Атаң - дана қорғаның,
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
(М. Қуанышбеков)
Аға ақылы
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса,
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
(Сырбай Мәуленов)

Сергіту сәті
Бас барамағым - атам, үйдің данасы,
Балаң үйрек - әжем, ошақ анасы,
Ортан терек - әкем, отау панасы,
Шылыдыр шүмек - шешем, шаңырақ ажажры,
Титтей бөбек - мен, бәрінің базары.
(Ермек Өтетілеуұлы)
Ж. Мұхамеджановтың «Сыйлаймын» өлеңін жаттау
Сыйлаймын
Ата менен ананың
Айтқан тілін аламын.
Үлкен кісі жұмсаса,
Қайда болсын барамын.
Төсекті өзім жинайымын,
Ешкімді де ұрмаймын.
Ешкім маған тимейді,
Мен де бәрін сыйлаймын.

Дәптермен жұмыс:
1. Отбасы мүшелерін ата.
2. Дастарқанға қандай тағамдар қойылған?
3. Өзіңнің отбасы мүшелерін ата.
4. Дастарқан басында кімдер отыр?
5. Дастарқанды әшекейлеп толықтыр.
Отбасындағы сыйластық. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама