- 10 ақп. 2021 00:00
- 186
Ой ексең тағдырыңды аласың
Ой ексең-əрекет аласың,
Əрекет ексең-əдет аласың,
Əдет ексең-мінез-құлық аласың,
Мінез-құлық ексең тағдырыңды аласың.
Адамның ойы өз тағдырына əсер етеді. Отбасында адамның ойы мейрімділік пен сүйіспеншілікке толы болса, отбасындағы татулық тұрақты болады. Жұмысында адамның ойы еңбек пен сақтыққа толы болса, ол адамның жұмысы алға қарай жүре бастайды. Айналаңдағыларға сүйіспеншілікпен қарасаң, ойың тыныш болады. Себебі, бақыт-тыныштықты ұнатады.
Адамның ойы-мақсатына жеткізуші құрал. Егер жүйелі ойлай білсе. Адамның хайуандардан артықшылығы ойлай білетін санасының болуында. "Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойының жан-жақты дамуына көп көңіл бөлу керек", -дейді ғұлама Əл-Фараби. Адамның қиялын, ойлау жүйесін ұштау үшін кітап оқу керек.
Егер де ойға алсаң, оған мақсатты қоссаң кез-келген арманыңа жетесің. Себебі, адам ойға алса, елестетсе онда оның бəрі шынайы болатын дүние. Өз ойыңды жаман ойларымен ластама. Сен мықтысың! Сен күштісің! Сен бəріне лайықтысың! Сен ақылдысың! Сен бақыттысың! Егер де аффирмация жаттап, көңілге бекітсең, өмірінің өзгергенін байқайсың. Себебі, сенің ойың өзгерді ғой. Сен негізі өте бақытты адамсың. Жай ғана көңіліңе жаман ойларды бекітіп алғансың. ОЛ ОЙЛАРДЫ ЖОЙ! Ойыңды өзгертуге тырыс. Ойыңды өзгертсең-өміріңді өзгертесің.
Тұрғанбек Бибіфатима