- 02 ақп. 2016 00:00
- 314
Ойыншықтар туралы деректер
Сіз балаларыңыз ойнап жүрген ойыншықтардың шығу тегі мен неліктен олардың кейбіреуі соншалықты танымалдылыққа ие болғаны туралы ойланып көрдіңіз бе? Әлемде ең қымбат кейіпкер қанша тұратынын білесіз бе? Біз төменде осы және басқа да сұрақтарға жауап беруге, сонымен қатар айрықша деректерді беруге тырыстық.
Йо-йо әлемнің ең ежелгі ойыншықтарының ішінде 2-ші орынды алады, ал бірінші орын қуыршақтарға тиесілі. Йо-йо ойыншығын біздің эрамызға дейін ежелгі Грекияда ойлап тапқан. Ол өзара осьтері арқылы байланысқан екі дисктен тұрады, олардың ортасына арқан байланған.
«Монополия» – ең танымал экономикалық ойындардың бірі, оны 1932 жылы еш жерде жұмыс істемейтін Чарльз Бэрроу ойлап тапқан. Буффалолық клубтың мүшелері су астында ойнау ұзақтығы бойынша абсолюттік рекорд орнатқан, ол 1080 сағатқа созылған. Рекорд 1983 жылы тіркелген.
Алғашқы пүліш аю 1894 жылы пайда болды. Бұл ақпарат оның табанына тігілген жапсырмамен расталады. Таңқаларлық жайт, алайда алғашқы пүліш аю әлі күнге дейін бір отбасында өмір сүріп келеді.
Ең қымбат кейіпкер – Микки Маус, ол 1939 жылы шығарылған. Бұл қуыршақ 1998 жылы бір аукционда 83,5 мың долларға сатылған. Сатылған мүсін Микки Маустың қазіргі бар түр-тұлғасынан түбегейлі түрде ерекшеленеді. Ойыншықтың қолдары ұзын, бет-әлпеті де басқаша және құлақтары да сол типтегі заманауи ойыншықтардағыдай емес, басқаша орналасқан.
Ең алғашқы балалар ойыншығы – «Картоп бас», оның жарнамасы 1952 жылы теледидар арқылы көрсетілген. Бірінші жылы 4 миллионға жуық жиынтығын сатуға қол жеткізген.
Кубик Рубикті Венгрияда мүсінші болып жұмыс істейтін Эрно Рубик ойлап шығарған. Әлемде осындай кубиктердің 300 миллионға жуығы сатылған. Егер олардың барлығы бір қатарға тізіп қоятын болсақ, онда олар Солтүстік полюстен Оңтүстік полюске дейін созылады екен.
Барби қуыршағын жасап шығарушы – Руд Хэндлер оны өз қызының құрметіне атаған, ал Кен атауы ұлының құрметіне қойылған.
Әлемдегі ең танымал құрастырушының ұйымы – Lego шамамен 320 миллиардтай тетіктерді сатылымға шығарған. Бұл дегеніміз, әрбір адамға 52 тетіктен келеді деген сөз.
Әлемдегі ең ірі шина өндіруші – Lego компаниясы. Жыл сайын шамамен 120 миллиондай кішкентай шиналар шығарады.
АҚШ Қауіпсіздік Агенттігі мекеме аумағына «Ферби» апаруға тыйым салды. Электроника мамандары, бір қарағанда зиянсыз болып көрінген ойыншық құпия келіссөздерді тыңдап тұрып, сосын оны басқа жерде айтуы мүмкін екендігін айтады. Алайда «Ферби» - күлкілі үлпілдек кішкене аң ағылшын тілінде кем дегенде 100 сөз айтуға ғана мүмкіндігі бар.