Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ою өрнек туралы мағлумат беру
Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығы технология пәні мұғалімі
Якыпова Бахыт Кокановна

Тақырып: Ою өрнек туралы мағлұмат беру
Сабақтың мақсаты: ұлттық өнерді өскелең ұрпаққа үйрету.
Білімділік мақсаты: ою - өрнек туралы білім беру.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ою - өрнек тарихымен таныстыра отырып, ұлттық өнерімізді үйренуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: оюдың әртүрлі түрлерін көрсете отырып, оқушыларды ою оюға қызықтыру.
Сабақтың түрі: қорытында сабақ.
Пәнаралық байланыс: география, математика, химия, музыка, әдебиет,
физика, биология.
Сабақтың көрнекілігі: буклет «Ою - өрнек», ою қиындылары.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Қазақ халқының қолөнерінің саласында кең қолданып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі – ою - өрнек өнері. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Ою - өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күнге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ірі мәдениет.
Халықтың географиялық ортасына, әдет - ғұрып, салт - дәстүріне байланысты, ою - өрнек үлгілері әртүрлі жағдайда дамып, түрленіп отырады.
Халқымыздың бізге жеткен ою - өрнек үлгілері – бай мұра, сарқылмас қазына. Ою - өрнек тұрмыста бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек. Қазақ халқы қолөнерді, ою - өрнекті өте кеңінен қолданады. Жалпы қазақ қолөнерінде кездесетін ою - өрнек төрт топқа бөлінеді.
Бірінші топ – жан - жануарлар дүниесін білдіретін ою - өрнектер. Бұл көбінесе киізден жасалған бұйымдарды көркемдеуге арналады.
Екінші топ – өсімдік тәрізді өрнектермен әсемдеу. Өсімдік тәрізді өрнектер сырмақ, тұскиіз әсемдеу кезінде кеңінен қолданады. Олар: жапырақ оюы, шырмауық оюы, қияқ оюы т. б.
Үшінші топ – геометриялық ою - өрнектер. Олар: ирек, айшық, төртбұрыш, үшбұрыш оюлары т. б.
Төртінші топ – аспан әлеміне, жер - дүние сырын суреттейтін ою - өрнектер. Текеметке жан - жаққа күн сәулесі секілді тармағын жайған шеңберлі ою жиі салынады.
Асыл мұрамыз, яғни ұлттық өнеріміздің жоғалтпаудың ең тиімді жолы – оқушыларымызға өз мәдениетіміздің, салт - дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді дәріптеп отыру.
«Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық» деген халқымыз. Ендеше, осы өнерімізді ұмытпай жалғастыру біздің міндетіміз.
«Кен асылы жерде, сөз асылы елде» дегендей, өнер түрлері елде мол, халықпен бірге жасап келеді және жасай береді.

ІІ Оқушы білімі
а) Сұраққа жауап
1. Оюдың төрт құпиясы туралы не білеміз?
2. Ою - өрнек сөзі қай тілден аударылған?
3. Оюларды қай бұйымдарда қолданады?
4. Сырмаққа қандай ою салынады?

ІІІ Оқушы ой - өрісі. Бұл бөлім «Ойын тапқырлық» деп аталады. Жұмбақ шеше отырып соған байланысты ою табу.
ЖҰМБАҚ
1. Дүниеде бір молда
Уақытында намаз оқиды
Мезгілінде айқайлап,
Қайтып көп жер шоқиды.
Жауабы: ҚОРАЗ
- Осы жұмбаққа байланысты ою түрлерін ата?

2. Таптым, таптым тап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға.
Жауабы: ТҮЙЕ

3. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбықтысы бар.
Жауабы: СИЫР
- Осы жұмбаққа байланысты ою түрлерін ата?

IV Оқушы шеберлігі
Бұл бөлім «Оюшы маман» деп аталады. Оқушылар өз өнерін ою қиып көрсетеді.
V Қорытынды: әр топтың сабаққа қатысуын ескеріп, оқушылар білімін бағалау.
VI Үйге тапсырма: ою қиып үйрену

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама