Ою-өрнекті қию және жапсыру
Технология пәні мұғалімі Жанар Бекбаева
Тақырыбы: Ою-өрнекті қию және жапсыру
Сабақтың мақсаты: Ою - өрнек туралы түсінік беру.
Білімділік: қазақ халқының ою - өрнек түрлеріне сипаттама беру.
Дамытушылық: ою - өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: ою - өрнек арқылы оқушылардың ой - өрісін, білімін жан - жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт - дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: танымдық ойын, жеке, топпен жұмыс, түсіндіру,
сарамандық жұмыс, топтастыру, миға шабуыл.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, карточкалар, нөмірленген асықтар, «Ою - өрнектер», буклеттер, өрнектер салынған суреттер.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, сызу, геометрия, математика.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
2. Сабақ құралдарын тексеру.
II «Ой ашар». Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ - жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергенін анықтау).
1) Ою - өрнек дегеніміз не?
2) Ою - өрнектің шығу тарихы.
3) Ою - өрнектер неше топқа бөлінеді?
4) Ою - өрнектер қай жерде қолданылады?
5) Түстер қандай мағынаны білдіреді?
III Жаңа сабақ. «Брейн - ринг» ойыны. Жұмбақ шешу.
Оқушыларға нөмірленген карточка үлестіріледі. Асық ойыны ойналып қай номерлі асыққа тисе, сол номерлі сұраққа жауап береді. Түгел жауап берілгесін, сектор түгел ашылады. (қошқар мүйіз, бараний рог, қос мүйіз - соединенные рога)
Мүйіз оюы туралы тоқталу.
IV Сарамандық жұмыс.(бүктеп көрсету)
Өткенді еске алып, ойға толам,
Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,
Ой түбіне жете алмай титықтасам,
Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай біз де келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз. Жеке жұмыс. Өлеңдер айту.
V Мақал – мәтелдер.(жалғасын табу)
Мысалы:
1. Еңбек түбі – береке,
Көптің ісі мереке.
2. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
3. Талаппен бастап, талғаммен аяқта.
4. Ою ойған, сызуда сызады.
5. Ою ойғанның ойы ұшқыр.
6. Еңбек етсең, емерсің
Ақ қағаздан қайшымен қиып алған ою - өрнектің шаблонын жапсырма қағаз бетіне қойып, қарындаш арқылы сызып түсіреміз. Оқушылардың жапсырма қағаз бетіне түсірген ою - өрнектерін қайшымен қиып аламыз.
Камотекстің бетіне диагональ сызықтарын жүргізу арқылы центрлік нүктесін табамыз. Алынған оюды камотекстің бұрыштарына келтіріп, жапсырма қағазымызды жапсырамыз.
Қазаққа ұлттық нақыш беретін оның өзіндік ою - өрнектері.
Ұлттық ою - өрнектерді төрт топқа жатқызады:
1. Жан жануарлар тектес ою - өрнектер.
Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, кілем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.
Сыңар мүйіз – кең тараған ою - өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет, киім-кешектердің жиегіне істеледі.
Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады.
Түйе өркеш – түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек. Әшекейленетін заттардың жиектеріне көбірек істеледі.
Қос қанатты – құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек.
2. Гүл – жапырақ өсімдік тектес ою - өрнектер.
Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек.
Көбелек – қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек. Шай дорбаға, аяққаптарға істеледі.
3. Космогониялық ою - өрнектер.
Жұлдыз – аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.
4. Геометриялық ою - өрнектер.
Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.
Қарға тұяқ – қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек. Алаша, кілем тоқуда пайдаланылады.
Тұмарша – үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек. Бұйымдардың жиектерін, ортасын көмкеруде кездеседі.
Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді.
IV Сергіту сәті. Бүгінгі сайысымызға екі топ қатысып отыр:
1. «Нөсер» тобы.
2. «Темір» тобы.
Мақал – мәтелдер жарысы.
Мысалы:
Еңбек түбі – береке,
Көптің ісі мереке.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
V Сарамандық жұмыс.
Өткенді еске алып, ойға толам,
Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,
Ой түбіне жете алмай титықтасам,
Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай біз де келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз.
Төртқұлақ - өрнектің ортасы жіліншік өрнегі тектес болып келетін, төрт тармағына мүйіз өрнегі қондырылған ең көне ою - өрнек түріне жатады.

VI Қорытынды.
1. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жіберілген қателерін көрсету.
2. Жасалған бұйымның нәтижесіне қарай бағалау.
VII Үйге тапсырма.
Қазақ халқының ою - өрнектерін басқа халықтардың ою - өрнектерімен салыстыру.