Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Өз бетімен жұмыс істеу тәсілдері
Өз бетімен жұмыс істеу тәсілдері

Оқушыға өз бетімен жұмыс істеп дағды беру ұзақ, жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптасады. Атап айтқанда, бастапқыда жеңіл, кейін біртіндеп күрделі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру, қорытынды жасау, түрлі жағдайда өздігінен ойлау үрдістерінен өтеді.

Өздігінен білім алудың негізгі жолы – оқушыны таным үрдісіне үйрету. Ол үшін бүкіл сыныптағы оқушыларға өздігінен жұмыс істеуге жағдай жасау қажет. Бірсыпыра әдіскер ұстаздардың пікірінше, оқушыда тұрақты білім негізін қалыптастыру үшін сол үйренетін пәніне ықыласы, зейіні артуы керек, бұл үшін белгілі педагогикалық мақсат қоюдың ролі мен мәні зор. Өйткені, тәжірибе кезінде оқушы еңбек етіп, өздігінен алған білімін жоғары бағалайды. Сондықтан да оқушының танымдық қабілетінің дамуы мұғалімнің шеберлігіне тікелей байланысты.

Мұғалімнің білімділігі мен мәдениеттілігінің оқушының білім алуына үлкен әсері бар. Демек, мұғалім әр оқушыға қамқорлықпен қарауы тиіс. Оқушы қашан өздігінен білім алу жолдарына жаттығып, төселгенше мұғалім оған көмек жасап, оның жолдарын көрсетуі керек. Яғни, оқушының өздігінен орындайтын жұмыстарына сенімділікпен қарау дұрыс.

Оқушыны өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру тек олардың өздеріне тән икемділік дағдылары арқылы ғана іске асырылады. Мұндай икемділік дағдыларды көптеген әлемдік дәрежедегі педагогтер дәлелдеп көрсеткені мәлім. Олар – оқушыдағы байқағыштық, ойлай білушілік, қарама - қарсы нәрсені салыстыра алушылық, түсініксіз жағдайларды таба білушілік, өзінің ойын жүйелі, әдемілеп айту, мәтіннің бөлімдерін бір - бірімен байланыстыру, кітаптан қызықты көріністі не оқиғаны табу т. б. Міне, осылардың бәрі де бүкіл оқу үрдісі арқылы меңгеріліп, біртіндеп іске асырылатын істер.

Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру дегеніміз – ол оқушының танымдық қабілетін дамыту. Педагог - ғалым А. Е. Дмитриева өздігінен орындайтын жұмыс түрі – оқулықпен жұмыс істеу, яғни оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу түрін тиімді деп санайды. Өйткені, мәтінмен жұмыс істеу барысында оқушы үйретілген материалды меңгеруде жаңа ережелерді оқу, жаңа материалдарға қажетті анықтамаларды пайдалану, т. б. қажеттіліктерге соқпай кете алмайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама