Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Өз-өзіңді иландыру: аутосуггестия жөніндегі қысқаша мағлұмат

Өз-өзіңді иландыру, немесе аутосуггестия — бұл бізге туа берілген құрал және онда, дәлірегінде оның күшінде, көптеген таңқаларлық мүмкіндіктер шоғырланған. Қазіргі таңда адамдардың көпшілігі позитивті сценарилердің, мақсат қоюшылықтың немесе пайымдардың концепцияларын қолдайды. Бұған айна алдында тұрып алып, өзінің қандай керемет жан екенін айтып тұрған адамды елестету арқылы пародия жасауға болады.  

Дегенмен, егер біз:

◎ позитивті ойда болсақ;

◎ нақты мақсатқа жететін мүмкіндігіміз болса;

◎ мақсатқа жету үшін икемделе алатын болсақ, бұндай идеялардың жаны бар.

Осы тізіліп шыққан шарттардың екіншісі түйінді мәнге ие, өйткені біздің мақсатқа жете алатын, оны жеке бақылауда ұстау саласында ыңғайлай алатын мүмкіндігіміз болуы керек қой. Және де осы үшін өз-өзіңді иландыруды пайдалана білудің маңызы зор.   

Эмиль Куэнің өз-өзіңді иландыру әдістемесі

Аутосуггестия техникаларының арасында француздық психолог және фармацевт Эмиль Куэнің әдістемесі көп қолданысқа ие болды. Бастапқыда ол химик болғысы келіп, соның оқуына түскен, бірақ ата-анасының қаржылық қиыншылықтары кесірінен басқа жолға түсуге мәжбүр болды. Оған оқуының бағытын өзгертудің сәті түсіп, нәтижесінде фармакологиядан ғылыми дәреже алды.  

Труа қаласында 1882 жылдан 1910 жылға дейін дәріханашы болып істеген және дәрі-дәрмектің пайдалы екеніне сенген ол ақырғы сәтті нәтиже шығарына көңіл қойған пациенттері жиі өздерін жақсы сезіне бастайтынын байқайды. Пациент дәрі-дәрмектің ем боларын күтті және бұл өздігінен орындалатын жорамал болды.  

Куэ осы бақылап байқағанының әсерінен гипнозды зерделей бастады. Алайда, біраз уақыттан соң, ол өзі кейін өз-өзіңді иландыру деп атаған, өз-өзіңді гипноздауға зейін қойды. Бар білгенін жинақтаған ол «Өзіңе үстемдіктің жолы ретіндегі саналы түрде өз-өзіңді иландыру» атты кітап шығарып, көп өтпей ол кітап Ұлыбритания мен АҚШ-да да жарық көрді.  

Кері нәтиже заңы

Идея ойдан кетпей қоятыны сондай, иландырып тастаған кезде адам санасының ол идеяға қарсы тұру үшін қолданған шараларының бәрі қалағанындай болмай, оның иландыруға бейімділігін арттыра түсіп, адамның өзінің саналы тілек-қалауына кереғар шығып отырады. Назар идеяға ауған әрбір сәтте ол идея өзін дереу жүзеге асыруға тырысып бағады.

Куэ адам өзінің туындаған қиындықтарының бәрінің шешімі болып табылады деп есептеді. Ол әрқайсысымыздың ішімізде өзімізді емдейтін құрал бар екеніне шүбәсі болмады. Оған өз-өзіңді иландыру үдерісі және қолданбалы дайындық арқылы қол жеткізіледі. Куэ басшылыққа алған бастапқы практика қазір тым қарапайым болып көрінеді, алайда, көптеген адам оны қазіргі күндері де пәрменді деп біледі.   

Әдіс дамып, оны таңдағандар көбейе берді, ол үшін бар керегі — теріс емес, оңды нәтижеге ден қойып (мысалы, іштей «Денсаулығым жақсы, бәрі дұрыс» деп айту), қандай да бір позитивті мантраны (кей жағдайларда позитивті бейнені) тандап алып, оны қайталай беру және қалаған нәрсеге бар зейінді салу қажет болатын.  

Куэнің пікірінше, егер адам белгілі бір сөздерді қайталай берсе және белгілі бір санасындағы бейнелерге зейін қойса, онда олар адамның түпсанасының бір бөлігі болып кетеді. Бұл жасампаз күш-қуатты қалаған мақсатқа жетуге туралайды. Ақырында Куэнің идеяларын қолдаушылар шығып, бүкіл дүние жүзінде қолданыла бастады.  

Эмиль Куэ әдісінің ықпалы

Өзін қайта бағдарламалаған адамдар ойбағамдық модельді немесе наным-сенімдері жүйесін табысқа жету мүмкіндіктерін арттыратындай етіп түзіп шығарды. Бұл амалды кейінгі жылдары Альберт Эллис, Шарль Бодуэн және басқа кісілер (бұл амалды пайдаланушылар спорт психологтары арасында айрықша көп болды) жетілдіре түсті.  

Эмиль Куэ өз ой-санаңызға теріс емес оңды мақсаттарды салып отыруға үндеді. Ол табысқа жеткізетін адами қиялдың күшіне сенді. Психотерапияның және түзетуші өз-өзін иландырудын белсенді әдістерін қолдану жөніндегі идеяларын насихаттауы оның ілімінің оңды қыры болды.  

Куэ пациенттің белсенді рөлі идеясын ұстанды, жаттықтыру және оқыту идеяларын дамытты. Ол әр адам өз тағдырының қожасы екенін айтудан жалықпады: адам өзінің ойын түзу арқылы өзінің болашағын қалыптастырады. Бірақ өз-өзіңді иландырудың құндылығы әдемі сөздерде емес.   

Аутосуггестия талай рет іс жүзінде өзінің пәрменділігін көрсетті, осы себепті ол әдісті көптеген адам табысты түрде пайлаланып келеді.  Дейтұрғанмен, өз-өзіңді иландыруға қатысты түйінді нәрсені естен шығармау керек: оның септігі тиюі үшін адамның мақсаты және мақсатына жеткізетін қарым-қабылеті болуы тиіс.   

Өз-өзіңді иландыру — қалағаныңа қолыңды жеткізе беретін сыйқырлы таяқ емес, бұл діттегеніңді алу үшін күрес кезінде жеңу мүмкіндігіңді артырудың бір тәсілі. Әрекетсіз адам берекетсіз адам — осыны көңілге тоқып алу қажет, ал аутосуггестия болса, шығындалатын күш-қуатыңызды үнемдеуге сеп болады.

4brain.ru, bilim-all.kz


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама