Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Өзін – өзі тану – әлемді тану
«Өзін – өзі тану» пәнінен «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты он күндік іс-шаралардың қорытындысына байланысты «Өзін – өзі тану – әлемді тану» атты іс – шара

«Өзін – өзі тану» факультатив сабағы бойынша «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндіктің жоспары

Сабақ тақырыбы: Өзін – өзі тану – әлемді тану
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Білім алушылардың қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым – қатынас айқындамасын, адамгершілік мінез - құлықтың, әлеуметтік маңызын ашу, сондай - ақ шығармашылық шыңын көтеру.

2. Дамытушылық мақсаты: Өзін – өзі тануды оқыту білім алушының өзіндік бейімділігін ашу және оның мінез - құлқын, қабілетін ескере отырып, оны тұлға ретінде, іс – әрекет субьекті ретінде дамыту.

3. Тәрбиелік мақсаты: Өзін – өзі тану – даналықтың шыңы, ол – махаббат, ол – бақыттың құпиясы, ол адамның өзін - өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жету үшін өзінің шексіз мүмкіндіктерін аша алуы. Осы орайда жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастырып, салауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Флипчарт, түрлі – түсті маркерлер, тарату материалдары, мультимедиапроектор, А - 4 қағазы, стикерлер, интерактивті тақта және экран.

Сабақтың барысы
Әнұран
1 - Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қош келдіңіздер бүгінгі «Өзін – өзі тану» пәнінен «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты он күндік ісшаралардың қорытындысына байланысты «Өзін – өзі тану – әлемді тану» атты іс - шарамызды ашық деп жариялаймыз. Он күндікті қорытынды жасау кешін ашып беру үшін ортаға колледждің тәрбие ісі - жөніндегі директордың орынбасары Рахат Досынбайқызын шақырамыз.

2 - Жүргізуші:
«Өзін – өзі тану» пәні – сан қырлы,
Айтар ойы, мақсаты оның маңызды.
Жеке тұлға қалыптасса жан – жақты,
Болашағы болар елдің таң нұрлы,
Өзін – өзі, өзгеніде танитын,
Мейірімділік, адалдыққа баулитын
Сездіретін жүректердің жылуын.
Шәкірттерге бұл жақсы пән тартымды.

1 - Жүргізуші:
Колледжімізде 02. 02. 2017 - 13. 02. 2017 осы күндер аралығында өзін – өзі танудың он күндігі болып өткен болатын. Сол он күндікте қандай қызық болып өткендігі жайында тыңдасақ қалай қарайсың.

2 - Жүргізуші: Тыңдайық – тыңдайық.

1 - Жүргізуші: Олай болса ортаға Колледж педагог - психолог және өзін – өзі тану пәнін жүргізуші Утешова Гулмира Очилқызын ортаға шақырамыз.

2 - Жүргізуші:
Мен адаммын жақсылықтан жаралған
Жанымдағы жұртым қарап нәр алған
Жақсы сөзбен, жақсы тілек тілегін
Жақсы сөзде жарым ырыс, тірегің
Жақсы сөзбен жылы – жылы сөйле сен
Жақсы ойға толсын жаның, жүрегің.
Мен адаммын жақсылықтан жаралған - деген өлең жолдарымен әр тұлғаға берілген мейірім мен білім нәрін себетін, бағыт – бағдар беретін, қашанда ата - анадан кейінгі зор сенім ұстаздарға артылатынын айтқым келеді. Ортада білім беріп жүрген ұстаздарына деген алғысын қабыл алыңыздар.
Ән «Ұстазым» орындайтын 1 ДПа - 16Б тобының студенттері Көшбаева Аинагул мен Каримова Зарина.

1 - Жүргізуші:
Баланың жазылып тұр көздерінде,
Сұлу ғой жандары оның, өздері де.
Сүйсінем өзіме - өзім мақтанышпен,
Баланы әр қуантқан кездерімде.
Ортада 4ТХНГ - 14Б тобының студентті Тобагулов Абусалим
Шеркешбаева Улмекен Видиомен «» М. Мақатаев

2 - Жүргізуші:
Ана – өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін, - дей келе, барлық жасөспірімдердің жүрегін жылытқан, жүректеріне мейірім ұялатқан, адамдық қасиеттерді дарытқан, тәрбиеліде қасиетті, өнерлі де өжетті, білімді де, зерек жасөспірімдердің арнауын қабыл алыңыз.
Мақсұтов Даурен – 1МП0911 тобының студенті «Анашым» М. Мақатаев
Жалғасбай Айдана – 1ЭВТа – 16Б тобының студенті «Ана» Қ. Мырзаалиұлы
Шеркешбаева Улмекен – «Анаға» арнау өз туындысынан.

1 - Жүргізуші:
Өмір деген пәк жаралған – махаббат,
Адамдар күтеді одан шапағат.
Өмірдің мәні – өзіңді танып білгенің,
Қиындыққа берілмей шындап жүргенің. – дей отырып ортаға, 1ДПб – 16Б тобының студенттерінің биден тартуын қабыл алыңыздар.

2 - Жүргізуші:
Мен өмірді жас зерттеуші, жас ғалым,
Енді оянып, енді зерттей бастадым.
Өмір – кітап түсінуі тым қиын,
Әрбір күнім - әрбір бетін ашқаным.

Жағылды ма жүрегімде жаңа шам,
Ойлауменен өтеді ылғи оңашам,
Армандаймын: ұлы еліме сүйікті,
Жақсылықтар жасасам деп орасан.

Утешова Г.
Өзін – өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам ешқашанда сол қалпында қала алмайды – деп Ман Томас айтқандай. Әрбір жеке тұлға дамып жетілуі тиіс. Бір қалпында тұрып қалуға болмайды, себебі уақыт адамға бағынбайды. Жеке тұлға білімін жоғарылатуы арқылы, оның рухани тәрбиесі де арта түседі. Рухани тәрбиенің дұрыс берілуі рухы биік ұрпақ тәрбиелеудің негізгі кепілі. «Ұлықты ұл – қылықты қыз» өсіріп отырған әрбір ата - ана рухани тәрбиенің маңызы зор екенін білуі керек. Тамыры тәрбиемен тағлымнан нәр алған қоғамның болашағы да биік болады. Ендеше бірінші – тәрбиеге, екінші – білімге назар аударсақ. Еліміз аман – жұртымыз тыныш болатынына сеніміміз мол. Бүгінгі шарамызды осымен түйіндейміз. Қош сау болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама