Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Татулық – достықтың киелі бесігі
Татулық – достықтың киелі бесігі

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлауға үйрету.
Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, балабақша ұжымы сіздерді Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне күнімен құттықтаймыз. Бүгінгі «Татулық - достықтың киелі бесігі» тақырыбындағы мерекемізге қош келдіңіздер. Мерекемен құттықтау үшін балабақша меңгерушісіне сөз береміз.

Тәрбиеші: Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.
Мамыр боп, айбарлы асыл асқақтайды,
Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні.

Хор: «Достық».
Тәрбиеші: Балалардың мерекелік тақпақтарын қабыл алыңыздар:
Ақниет: Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.
Жайдарлы жаз түрге еніп,
Жадыратты жанымды.
Жер дүние тербеліп,
Дала қала құлпырды.

Біржан: Сары ақпыз қарамыз,
Бәрімізде баламыз.
Біз Отанда тұрамыз,
Біз мектепке барамыз.

Аружан: Бір шаңырақ астында,
Тату – тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз астыда,
Бірге сайран құрамыз.

Тәрбиеші: Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,
Биік ұшып самғасын.
Тілегімізді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын.

Ән: «Ақ көгершін»
Орындайтындар: Ақниет, Жанель, Жания

Тәрбиеші: «Достық» бізге тым ыстық,
Бірлік, байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық.

Тақпақтар: Бірғаным: Болсын жер мен суда ортақ,
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.

Ерасыл: Ақ сары деп бөлмейміз,
Бір жыл туған төлдейміз.
Туысқанбыз татумыз,
Биіктерге өрлейміз.

Аделя: Білегі бір, жүрегі бір,
Достармен біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз.

Ратмир: Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата - бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.

Тәрбиеші: Ән: «Дос болайық бәріміз». Орындайтындар: Шадияр, Біржан, Даниал.

Тәрбиеші: Қадірменді бір досымыз - орысым,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің - дей отырып биші қыздарымызды шақырайық.
Би: «Орыс» биі.

Тәрбиеші: Күтетұғын осының әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән - жырымыз.
Мерекелі - мерейлі айдың басы,
Құтты болсын бірінші – Мамырымыз!
Ән: «Май жыры». Орындайтындар: Жанель, Даниал, Айзере, Бірғаным, Ақниет, Шадияр.

Тәрбиеші: Балалардың достық, ынтымақ туралы даналық сөздерін қабыл алыңыздар.

1. Ынтымақ - достықтың бірлігі (Бірғаным)
2. Ырыс алды - ынтымақ (Аружан)
3. Достық күні - бірлікте (Айдос)
4. Ел - бірлігі, ел теңдігі (Айару)
5. Ынтымақ жүрген жерде
Ырыс бірге жүреді. (Шадияр)

Тәрбиеші: Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!

Хор «Ағайынбыз - бәріміз».

Тәрбиеші: Ән: «Достық» Орындайтындар: Аделя, Бірғаным.
Тәрбиеші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

Би: «Поппури»

Тәрбиеші: Сәбилер көңілін бұлт шалмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Төбемізде күн күлімдеп әрқашан,
Қасымызда болсын мәңгі анамыз.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін».

Тәрбиеші:
Қорытынды:
1 - Мамыр мерекесі дүние жүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

Ендеше, бейбітшілік жасасын!
Ынтымақтастық жасасын!
Қазақстан жасасын!
Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Сау-саламатта болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама