Өзін-өзі тану пәніндегі ұлттық құндылықтар
Амангелді атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы: Жұмабиденова Альбина
Пән мұғалімі: Клауова Гульмира Кизатоллақызы
Өмір деген ұзақ жолдар кейбіреулер сүйініп, қайта тұрып, алдына қойған мақсатқа жету үшін тырысады. Алайда, алдыңа қойған мақсатың өзің үшін де, ел үшін іске асарлық пайдалы іс болуы қажет. Сонда ғана сен Гималай тауының ең биік шыңына шыққан секілді жоғарыға көтерілесің. Ал мақсатың неғұрлым пайдасыз болса ең терең өзеннің тұңғиығына түсіп кетуің ғажап емес. Міне, өзін-өзі тану пәнінің адамдарға ең алдымен берер пайдасы дұрыс жолды көрсете білу. Бізге дұрыс бағыт бағыттап, өмірге деген құлшынысымызды арттырады.
Адамгершілік туралы сөз қозғайтын болсам ең алдымен көз алдыма Абай атамның бізге жазып кеткен қара сөздері түседі. Абай өзінің жиырма жетінші сөзінде дін және діл мәселесі жөнінде пікір алысып, ой жарыстыратын моралист-философ Сократтың «Адам ең әуелі өзіңді-өзі таны» деген этикалық принципі, Абайдың да адамгершілік туралы ойлары адам тарихындағы ұлы ойшыл даналардың пікірлерімен ұштасып жатады. Абай этикасында Ар, Намыс, Ұят-ең негізгі ұғымдар. Бұл ұғымдардың мәні, мазмұны, ішкі сыры тек адамның өзімен-өзі кеңескенде, өзінің ішкі жан дүниесіне үңілгенде ғана мағынасы ашылатын, айқындалатын ұғымдар. Осындай мәнді моральдық адамгершіліктің этикалық категорияларын өз шығармашылығының өзегі, түйіні, тамыры етеді.
Өзін-өзі тану оқулығы бізді адамгершілік қасиеттерге баулиды. Біз бұл оқулық арқылы жан дүниемізге рухани құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерімізді жинаймыз.
Адамгершілік - бұл адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтығы. Адамшылық, адалдық, әдітеттілік, берекелік, достық, білімділік, еңбекқорлық, терең ойлылық, жомарттық, қайраттылық, кісілік, қанағатшылдық, рахымдылық, арлылық, намысқойлық, сабырлық, табандылық, татулық, имандыллық бұлардың барлығы адам бойындағы ең асыл қасиеттер.
Бала кішкентай кезінен бастап адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп өссе, болашақта адамгершілігі мол азамат болып шыға алады. Міне,өзін-өзі тану сабағының басты міндеті баланың болашақта жақсы азамат етіп шығаруы. Адамның ең жақсысы меніңше, бойында адамдығы бар адам. Мейлі адам кедей болсын, білімсіз болсын, жүрегінде иманы, көңілі ақ болса адамның адамы деп атауға болады.
Өмір - сырға толы, қызық әлем. Бірде қуанасың, бірде жылайсың. Алайда өмір адамға 1-ақ рет беріледі. Осы біз: уақыт өтпейді, іш пысты дейміз де, біраз уақыттан кейін: уақытты кері айналдырсақ қой, көп нәрсе өзгертер едім дейміз. Одан да алдағы уақытта өзгертсем демеу үшін әрбір секундымызды бақытты өткізіп, әр нәрсенің қадірін білейік.
Өмір - теңіз, тағдыр - кеме, ал кемең суға батпас үшін өзің капитан болуың керек. Ал өзін-өзі тану пәні бізге мына өмірде ақ пен қараны ажырата білуге септігін тигізеді. Өз-өзіңді бақылап, көптеген жеңіске жетуге көмегін береді.
Өзін-өзі тану мені шығармашылыққа қалай жетеледі?
Өзін-өзі тану пәні бізге Сара Алпысқызының қолдауымен 6-сыныпта оқуға берілді. Алғашында бұл пән қиындау болды, кейінірек бұл пәннің қыр-сырын түсіп, үйреніп кеттік. Бұл кітаптың бір ерекшелігі жан-жақты қамтылған, яғни түрлі шығармалар, жағдаяттар, тапсырмалар, мәліметтер бар. Мен бұл кітапты оқи отырып, өзіме керекті көп мәлімет жинадым. Сол үйренгендерім арқылы шығарма жазып үйрендім. Әрине, 1-ші сыныптан-ақ білеміз, алайда шығарманы қалай жазуды үйрендік. Шығарма жазу арқылы көптеген қалалық жарыстарға барып, жүлделі орындар алдым. Бұл мен үшін үлкен қуаныш. Шығарма жазу оңай іс емес. Ол білімділік пен тез ойлауды қажет етеді.
«Баланы-жастан» деген халық мәтелі тегін айтылмаса керек, сірә. Баланың кішкентай кезінен ақ дұрыс тәрбиемен өсіру қажет. Сонда ғана бала ел сыйлайтын азамат болып шыға алады. Өзін-өзі тану пәні баланы тәрбиелеуге көп септігін тигізеді. Себебі, ондағы жағдаяттар мен шығармалар әр балаға әсер етіп, өзінің сондай дәрежеге жетпеуін қадағалайды.
Өзін-өзі тану нағыз адам болудың сыры мен қырын үйрететін пән. Нағыз адам болу – Отан алдындағы борышыңды өтеу, адами қарым-қатынасының, қоршаған ортамен үйлесімдігің. Пәннің мақсаты - білім алушының өзін дұрыс түсінуіне, дарындылығы мен қабілеттерін дамытуға, өмірдің мәнін ұғынуға жіне өмірден өз орнын таба білуге көмектесу. Еліміздің болашақ жас ұрпақтарын жан-жақты дамыту да өзін-өзі тану сабақтарының орны ерекше. Сабақтарда пән мұғалімі әркімнің жан дүниесін тануына, әлемге көз жүгіртіп, мейірімділік жасауға бағыттайды. Сабақты қызықты өткізу – түрлі әдіс-тәсілдерді қолданатын мұғалімнің шеберлігінде.
«Өзіңді-өзің танысаң – істің басы» деп Шәкәрім айтқандай өзін-өзі тану пәні арқылы балалар өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды шеше білуге, өз ойын ашық айтуға, пікірін, сезімін, көңіл-күйін жеткізе білуге, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға, адами қарым–қатынас жасай алуға, өз денсаулығын сақтауға, жақсы қасиеттерін ашуға үйренді. Өзін-өзі тану пәні мәні жағынан, оқушылардың қабылдау, түйсіну, білім, білік дағдыларын іштей тұтастырып, оларды еркін қолдана алуға үйретумен ерекшеленеді. Қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан берік орын алған адамгершілік құндылықтарды, яғни ізгілік қайырымдылық, адалдық, әділдік, қарым-қатынас сияқты қасиеттерді, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге байланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Яғни «тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене келе, өскелең ұрпақтың бойына қоғам талабына сай адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды мақсат еткен тәрбие процесі ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара байланысын түзетеді. Өзін-өзі тану пәні-жалпы адамзаттық құндылықтарға бастар жол. Адамда екі түрлі тәрбие болады, біреуі өзгелерден алатын тәрбиесі, екіншісі маңыздырағы өзіне-өзі беретін тәрбиесі.