Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 22 сағат бұрын)
Өзіңді - өзің тексер (күрделі сөз)
Шығыс Қазақстан облыс, Зайсан қаласы,
М. Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Байкадамова Айман Дубековна

Қазақ тілі 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Өзіңді - өзің тексер (күрделі сөз)
Сабақтың мақсаты: 1. С\. Білімділік: Күрделі сөз туралы алған білімдерін тереңдету, ойда қалғандарды пысықтау және қайталау.
2. Дамытушылық: Танымдық тапсырмалар арқылы оқушының ой - өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
3. Тәрбиелік: Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.
Көрнекі - құралдар: тест, қима қағаздар
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ішінара ізденушілік
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүниетану

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.

2. Психологиялық дайындық
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
"5 "- ке қолды жеткізу!

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Күрделі сөздер туралы алған білімдеріңді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, пысықтау және қайталау.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 54 - жаттығу, 109 - бет

ІҮ. Өткенге шолу
Ойын «Саяхатқа шығу» - ережелерді қайталау. Тақтада қала аттары жазылған қима қағазда сұрақтар берілген.
- Елімізде қандай үлкен қалалар бар?
- Осы аталған қалаларға кімнің саяхатқа шыққысы келеді?
Шарты: (тақтаға шыққа оқушы өзі қалаған қала аты жазылған қима қағазды алып, сұраққа жауап береді, сол қалаға баруға жолдама алады.)
Қима қағаздар
- Астана (Күрделі сөз дегеніміз не? Олардың жасалу жолдары)
- Ақтау (Біріккен сөз дегеніміз не? Мысал келтір)
- Алматы (біріккен сөздерден жасалған кісі аттарының жазылуы, мысал келтір)
- Көкшетау (біріккен сөздерден жасалған жер - су аттарының жазылуы)
- Өскемен (Қос сөз дегеніміз не? Қос сөздердің жазылуы, мысал келтір)
- Семей (Қос сөздердің жасалу жолдары)

ҮІ. Білімді бекіту кезеңі. «Синтаксис еліне саяхат»
1. «Сөйлемдерді өз үйіне орналастыр»ойыны
Сөйлемдерді тиісті үйлерге орналастыру (үлестірмелі қағаз)
2. 1 - жаттығу. Өлеңді жатқа жазу, өзін - өзі оқулықпен тексеру
2 - жаттығу. Біріккен сөздер ненің атын білдіретінін тауып, жақшаның ішіне жаз.
4 - жаттығу. Қысқарған сөздердің толық атауын жаз.
5 - жаттығу (Терме жазу)- мәтінді түсініп оқып, ішінен күрделі сөздерді теріп жаз.

3. Сергіту сәті «Сыңарын тап» ойыны
қырық ----------- беу
Қызыл ----------- түстік
Оң ----------------- құм
Бел ---------------- аяқ
тас ----------------- қосақ
кемпір ------------ бақа
6 - жаттығу. Көп нүктенің орнына өзің білетін біріккен сөзді тауып қойып, жаңылтпашты көшіріп жаз.
4. Тест тапсырмаларын орындату, жауабын өзі - өзі тақта арқылы тексеру
1. Біріккен сөздер қатарын белгіле
А) суыр, асқазан, шөп
Б) анда - санда, ащыішек, асық
В) қолбасшы, алтыбақан, түйеқұс

2. Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздерді белгіле
А) сұп - сұр, тіп - тік, әп - әдемІ
Б) алай - дүлей, анда - сада, ар - ұят
В) мая - мая, жалт - жұлт, апыр - топыр

3. Екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы жасалған сөзді белгіле.
А) үйір - үйір, түп - түгел, әке - шеше
Б) жап - жасыл, қып - қызыл, әрең - әрең
В) құрбы - құрдас, шыбын - шіркей, ойын - сауық

4. Қысқарған сөздер қатарын белгіле
А) медколледж, БҰҰ, АҚШ
Б) ҚХР, метр, педкеңес
В) кг, ҚР, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ҮІІ. Қорытындылау
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Сабақта нені қайталадық?
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді «көңіл - күй» смаиликтарымен бағалаймыз.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: күрделі сөздің әр түріне (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз,) үш - үштен сөз жазу, ұнаған сөздерге 3 сөйлем құрау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама