tengrinews.kz
- 09 ақп. 2026 12:01
- 56
Павлодарлық оқушы 9 тіл біліп, Астанадан пәтер сатып алды
Павлодарлық 17 жастағы Айханым Оқасова ерекше жетістікке жетті – ол 9 шет тілін меңгеріп, Астанадан өз ақшасына пәтер сатып алды. Бұл туралы Седьмой канал хабарлады.
Айханымның тілдерге деген қызығушылығын анасы оятқан. Алдымен қазақ тілін жетілдіріп, кейін ағылшын тіліне ауысқан. Одан әрі француз тіліндегі әндерді тыңдап, корей тілін үйренуге кіріскен.
Тілдерді қалай меңгерді?
Айханым тілдерді көбінесе өздігінен, интернеттегі материалдарды пайдаланып, видео көріп, кітап оқып үйренген. Ол тіпті араб, корей, қытай тілдері арасында аударма жасап, тәжірибе жинаған.
«Мен араб тілінен корей тіліне, корей тілінен араб тіліне, қытай тілінен ағылшын тіліне, ағылшын тілінен қытай тіліне аудармалар жасадым. Шетелде тұратын достарыммен онлайн сөйлесіп, тілдерді жаттықтырдым. Бұл менің көп тілді меңгеруіме көмектескен шығар», - дейді Айханым.
Мақсатқа жету жолындағы талпыныс
Оқушының айтуынша, егер адамның нақты мақсаты болса, ол кез келген қиындыққа төтеп бере алады. «Мен бірінші сыныпта оқып жүргенде, болашақта көп тіл білетінімді ешкімге айтсам, сенбес еді. Бірақ мен бастадым, маған ұнады. Қиындықтар болды, қателескен кездерім де көп болды. Бірақ мен тоқтамадым», - деп бөлісті ол.
Қазір Айханым мектепте оқып жүріп, онлайн түрде шет тілдерінен сабақ береді. Ол өз тәжірибесі арқылы шәкірттеріне сенім ұялатып, оларға да тіл үйренуге деген құлшыныс сыйлайды. Болашақта Айханым шетелдегі беделді университетте оқып, әлемді көп аралауды армандайды.
-
Бүгін Ақорда таратқан ресми мәлімдемеге сәйкес, Елнұр Сабыржанұлы енді мемлекеттік аппараттың ең маңызды құрылымдарының бірін басқаратын болады.