Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 минут бұрын)
Сара Назарбаева Ұлттық госпитальдан шығарылды: 9 айлық емдеуден кейін үйіне оралды

Сара Назарбаева Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталынан емдеу курсын аяқтап, үйіне оралды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Медициналық мекеме өкілдерінің айтуынша, науқасқа толық емдеу жүргізілген. 2026 жылдың қаңтар айында дәрігерлер оны амбулаторлық бақылауға жіберген.

Алайда, науқастың денсаулық жағдайы, диагнозы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 273-бабына сәйкес дәрігерлік құпия болып саналады және жария етуге жатпайды.

Ұзақ емдеу процесі

Сара Назарбаеваның ауруханаға жатқызылғаны туралы алғашқы ақпарат 2025 жылдың 5 мамырында жарияланған болатын. Сол кезде оның жағдайының ауыр екені айтылған еді.

Кейін, 2025 жылдың қазанында тұңғыш президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның сәуір айынан бері Ұлттық госпитальда ем қабылдап жатқанын растаған. Осылайша, елдің бұрынғы бірінші ханымы шамамен 9 ай бойы дәрігерлердің мұқият бақылауында болды.

Жаңалықтар

Жарнама