- 08 қар. 2018 00:00
- 255
Пайымы терең пікірсайысшылар
РадиоЭлектроника және Байланыс Әскери Инженерлік Институтында қазанның 21-22 жұлдызында Н.Назарбаев: «Болашақ – білімді жастар қолында» тақырып аясында Институт күніне орай РЭжБӘИИ бастығы А.Мустабеков атындағы кубогына арналған республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Қазақстанның барлық аймақтарынан дарынды пікірсайысшылар жиналған бұл турнирде 92 фракция өзара бақ сынасты. Екі күнге созылған турнирде тартысты ойындар өте көп болды. Пікірсайысшылардың барлығы мықты дайындықпен келгендігін өз ойындарында көрсете білді. Шешуші финалдық ойында «Алтын Сапаның» мақтан тұтатын мықты фракциялары «Дулат» Өмірзақ Нұрдәулет пен Жөндербек Жазираға қарсы «Алтын Сапа» фракциясы Жәкен Нұрхан мен Нұржан Мадина бірінші орынды өзара сарапқа салды. Өте қызықты да тартысқа толы жоғары дәрежедегі ойын болды. Турнир нәтижесінде Жәкен Нұрхан мен Нұржан Мадина, яғни «Алтын Сапа» фракциясы жеңімпаз атанды.Турнирдың клубқа еншілеген басты жетістігі - шексіз білім иелері, «Алтын Сапаның» аға буындары 92 фракцияның ішінен оза шығып, финалда ойын көрсеткені болды. Және де бұл турнирде Алтын Сапалық Кенбай Узбекалиев «Ең жас үздік төреші» номинациясымен марапатталды.
«Алтын Сапа» Интеллектуалды пікірсайыс клубы бүкіл Қазақстан мойындаған «Чемпиондар клубы» екендігін осы турнирда да сөзбен емес тағы да іспен дәлелдеді.
Филология және әлем тілдері факультеті «Қазақ филологиясы» мамандығының 2-курс студенті Ахан Ұлжалғас Олжасқызы