Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қайынененің кемеңгерлігі

Аспаздығымен, тағамдарының дәмділігімен аты шыққан бір кәрі әйел, ұлы мен жаңа түскен келінін кешкі асқа үйіне қонаққа шақырады. Үйде басқа да қонақ бар. Баласы мен келіні дастарханға жайғасып, дәмнен алғандарында күтпеген жағдай орын алады. Анасының жасаған тамағы, адамның тәбетін қашыратындай өте нашар болатын. Жасаған тәтті бәліштерінен жағымсыз иіс шығып тұрды. Картоптары жартылай піскен, котлеттері күйіп кеткен. Ұлы келіншегіне білдірмеуге қанша тырысса да, бәрібір жүзінен байқалып тұр. Біраз уақыттан соң, тамақтарын жеп болып, жаңа үйленген жұптар аналарының батасын алып, қош айтысып үйлеріне кетеді. Ұлы мен келіні кеткен соң, әлгі қонақ кәрі әйелден: «Сіз тамақты жақсы пісіретін едіңіз ғой, неге бүгін тамағыңыз дәмсіз болды? Әлде ауырып тұрсыз ба?» деп сұрайды. Кәрі әйел күлімсіреп: «Жоқ, бәрі дұрыс. Әдейі осылай жасадым. Бұдан былай ұлым қайта-қайта менің тамағымның дәмділігін айтып, әйелін ренжітпейтін болады», деген екен.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама