Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жеңіс туын желбіреткендер

Жылдағы дәстүр бойынша Алматы қаласында қайырымдылық турнирлері өз жалғасын тапты. Қазан айының 13-14 жұлдызында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетіндегі «Технократ» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен «Аялы алақан ІІІ» қалалық қайырымдылық турнирі болып өтті. Екі күнге созылған турнирде 70-ке жуық фракция өз бақтарын сынады. Бұл турнир «Алтын Сапа» Интеллектуалды пікірсайыс клубы үшін жақсы нәтижемен аяқталды.

«Алтын Сапа» ИПК-ның бетке ұстар аға буындары Өмірзақ Нұрдәулет пен Жөндербек Жазира финалда өте жоғары дәрежеде ойын көрсетіп, бірінші орынды қанжығаларына байлады.

«Алтын Сапа» Интеллектуалды пікірсайыс клубы өзінің «Чемпиондар клубы» деген атқа лайық екендігін тағы бір дәлелдеді.

Филология және әлем тілдері факультеті «Қазақ филологиясы» мамандығының
2-курс студенті Ахан Ұлжалғас Олжасқызы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама