Педагог мәртебесі туралы заңның мәтіні
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Педагог мәртебесі туралы
Осы Заң педагог мәртебесін айқындайды, педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін және шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам;
2) педагогтік әдеп – педагогтердің Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген мінез-құлық нормалары;
3) педагогтік әдеп жөніндегі кеңес – білім беру ұйымында құрылатын, педагогтердің педагогтік әдепті сақтау мәселелерін қарайтын алқалы орган;
4) тәлімгерлік – педагогтің орта білім беру ұйымында педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен адамға кәсіптік бейімделуіне практикалық көмек көрсету жөніндегі қызметі.
2-бап. Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
Осы Заңның күші мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге қолданылады.
Әскери оқу орындарының педагогтеріне осы Заңның күші «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктермен қолданылады.
4-бап. Педагог мәртебесі
1. Қазақстан Республикасында педагогтің ерекше мәртебесі танылады, бұл оның кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз етеді.
2. Білім беру саласында кәсіптік қызметін жүзеге асырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті ұйыммен еңбек қатынастарында болған кезеңде адам педагог мәртебесіне ие болады.
3. Педагог лауазымдарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
5-бап. Педагогтік әдеп
1. Педагогтік әдеп заңдылық, адалдық, жауапкершілік, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарына негізделеді.
2. Педагогтік әдепті бұзу тәртіптік теріс қылық болып табылады және педагогті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жауаптылыққа алып келеді.
3. Педагогтік әдепті білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
6-бап. Педагогтің кәсіптік қызметін қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші педагогке ол кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін жағдайды қамтамасыз етеді.
2. Педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
2) одан Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулер жүргізуге;
4) оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейді.
3. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерін олар кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тартуға жол берілмейді.
7-бап. Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары
1. Кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде педагогтің:
1) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде кәсіптік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;
2) лауазымды адамдар және басқа да тұлғалар тарапынан заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғалуға;
3) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан кәсібіне құрметпен қаралуына және тиісінше мінез-құлық көрсетілуіне;
4) кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуге және қажетті жағдайлардың жасалуына;
5) ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
6) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде шығармашылық бастамаға, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеуге және қолдануға, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа, неғұрлым жетілдірілген әдістерін дамытуға және таратуға;
7) білім беру бағдарламасына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің оқу құралдарын, материалдарын және өзге де құралдарын таңдауға;
8) білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, білім беру қызметінің әдістемелік материалдары мен өзге де құрауыштарын, сондай-ақ оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдарын әзірлеуге қатысуға;
9) жұмыс орны бойынша сайланбалы лауазымға сайлануға және оны атқаруға;
10) білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған, оның ішінде білім беру ұйымының қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға;
11) білім беру ұйымын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
12) бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруға;
13) үздіксіз кәсіптік дамуға және біліктілікті арттыру нысандарын таңдауға;
14) біліктілік санатының мерзімінен бұрын берілуіне;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке педагогтік қызметке;
16) кәсіптік қызметіндегі табыстары үшін көтермеленуге;
17) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда кәсіптік дағдыларын сақтап-тұру және арттыру үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтуге;
19) өзіне қатысты қабылданатын ұйым басшысының актілеріне, әрекеттеріне және шешімдеріне жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағым жасауға;
20) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне құқығы;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
2. Педагогтің осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтарын жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс.
8-бап. Педагогтің материалдық қамтамасыз етілу құқығы
1. Мемлекеттік ұйымдарда кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке еңбегіне ақы төлеу жүйесі, лауазымдық айлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады. Жекеменшік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің еңбегіне ақы төлеуді олардың құрылтайшылары немесе соған уәкілеттік берілген адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.
2. Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді.
3. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің айлық жалақысын есептеу үшін бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі:
1) 16 сағат – орта білім беру ұйымдары үшін;
2) 18 сағат: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін; білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары үшін; мамандандырылған және арнаулы білім беру ұйымдары үшін;
3) 24 сағат: мектепке дейінгі ұйымдар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мектепалды топтары, білім беру ұйымдарының мектепалды сыныптары үшін; балалар мен жасөспірімдердің спорттық білім беру ұйымдары үшін;
4) 30 сағат – интернаттық ұйымдардың, демалыс лагерьлерінің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жатақханаларының тәрбиешілері үшін;
5) 25 сағат – арнайы білім беру ұйымдарының және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиешілері үшін белгіленеді.
4. Мемлекеттік ұйымдардың педагогіне негізгі жұмыс орны бойынша:
философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде;
ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі үшін – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде, ғылым докторы ғылыми дәрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.
5. Мемлекеттік орта білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке негізгі жұмыс орны бойынша ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.
6. Жергілікті атқарушы органдар педагогтерге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 300 еселенген мөлшерінде сыйақы түрінде қосымша ынталандыру төлемдерін белгілеуге құқылы.
9-бап. Педагогтің көтермеленуге құқығы
1. Адал еңбегі және өзінің кәсіптік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін педагогке Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ ұйымның ішкі тәртіп қағидаларында көзделген көтермелеулер қолданылады.
2. Педагогтің аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін оған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік наградалар, оның ішінде «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы беріледі.
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болған педагог республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде біржолғы төлем алады.
3. Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасындағы халықаралық олимпиадалардың, конкурстардың және спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған педагогке тиісті мемлекеттік білім беру ұйымының қызметі бойынша үнемдеу есебінен үш лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді.
4. Жергілікті атқарушы органдар біржолғы сыйақы төлей отырып немесе онсыз, жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарды тағайындау және ынталандырудың өзге де нысандары арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелік күндерге орай педагогтерді көтермелеудің қосымша шараларын белгілеуге құқылы. Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтардың сипаттамасын, оларды беру тәртібін, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерін жергілікті атқарушы орган айқындайды.
5. Жыл сайын республикалық бюджет қаражаты есебінен «Үздік педагог» атағын иеленушіге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен сыйақы төленеді.
10-бап. Педагогтік қайта даярлау
1. Педагогтік білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында педагогтік қайта даярлаудан өтеді.
2. Педагогтік қайта даярлау тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
3. Осы баптың нормалары қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адамдарға қолданылмайды.
11-бап. Педагогтің кәсіптік қызметімен айналысуға қол жеткізуді шектеу
Педагогтің кәсіптік қызметіне:
1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) медициналық қарсы көрсетілімдері бар, психиатриялық және (немесе) наркологиялық есепте тұрған;
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ адамдар;
5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулер негізінде жіберілмейді.
12-бап. Әлеуметтік кепілдіктер
1. Педагогтерге:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғынжайға, оның ішінде қызметтік тұрғынжайға және (немесе) жатақханаға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне кепілдік беріледі. Ауылдық елді мекендерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басымдық тәртіппен жүзеге асырылады;
3) ұзақтығы күнтізбелік 56 күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына;
4) өздеріне кезекті еңбек демалысы берілген кезде күнтізбелік жылда бір рет кемінде бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақыға кепілдік беріледі.
2. Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктері білім беру саласындағы уәкілетті орган тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша бекітетін қағидаларда айқындалады.
3. Педагогтердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдардан орындарды жергілікті атқарушы органдар бірінші кезектегі тәртіппен береді.
4. Педагог Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз ететін әлеуметтік кепілдіктерді иеленеді.
5. Ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке:
1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес пайызға арттырылып белгіленеді;
2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
6. Ауылдық елді мекендерге кәсіптік қызметін жүзеге асыру және тұру үшін келген педагогке жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
7. Жергілікті атқарушы органдар педагогке тұрғынжайды жалдау (жалға алу) үшін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге өтемақы төлемдерін, санаторийлік-курорттық емделуге және демалуға жолдама сатып алу үшін толық немесе ішінара төлемдер, сондай-ақ педагогті әлеуметтік қолдауға бағытталған өзге де жеңілдіктер белгілеуге құқылы.
13-бап. Тәлімгерлік
1. Орта білім беру ұйымында кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен педагогке бір оқу жылы кезеңіне тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагог бекітіліп беріледі. Тәлімгерлікті жүзеге асырғаны үшін педагогке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша ақы төленеді.
2. Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібін және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
14-бап. Педагогке біліктілік санатын беру (растау)
Педагогтерге біліктілік санаттар білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен беріледі (расталады).
15-бап. Педагогтің міндеттері
1. Педагог:
1) өз қызметінде тиісті кәсіптік құзыреттерді меңгеруге;
2) оқыту мен тәрбиелеудің педагогтік қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге;
3) өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға);
4) педагогтік әдепті сақтауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден өтуге;
6) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
7) балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;
8) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға;
9) білім беру ұйымының басшылығына өмірлік қиын жағдайда жүрген баланың анықталу фактілері туралы дереу хабарлауға;
10) құқық қорғау органдарына және білім беру ұйымының басшылығына қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлауға;
11) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне консультация беруге міндетті.
2. Педагог білім беру процесін саяси үгіттеу, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді саяси, діни немесе өзге де сенім-нанымдарды қабылдауға не олардан бас тартуға мәжбүрлеу үшін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік тиесілік белгісі, дінге көзқарасы бойынша азаматтардың ерекшелігін, астамшылығын не кемшіндігін насихаттайтын, оның ішінде білім алушыларға Қазақстан Республикасының ұлттары мен ұлыстарының тарихи, ұлттық, діни және мәдени дәстүрлері туралы анық емес мәліметтерді хабарлау арқылы үгіттеу үшін, сондай-ақ білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануға құқылы емес.
16-бап. Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес
1. Педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің қызметі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары негізінде білім беру ұйымы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады. Педагогті тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы ескеріле отырып, білім беру ұйымы басшысының актісімен қабылданады.
3. Педагогтік әдепті сақтау туралы мәселе қаралған кезде педагогтің:
1) қаралып отырған мәселе туралы ақпаратты жазбаша түрде алуға;
2) қаралып отырған мәселе бойынша барлық материалдармен танысуға;
3) өз құқықтары мен заңды мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке өзі немесе өкілі арқылы заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға;
4) шешімді жазбаша түрде алуға;
5) қабылданған шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
4. Педагогке қатысты талқылаулар және олардың негізінде қабылданған шешімдер оның келісімімен ғана жариялануы мүмкін.
17-бап. Педагогті кәсіптік даярлау
1. Педагогті кәсіптік даярлау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
2. Педагогтерді кәсіптік даярлаудың білім беру бағдарламалары педагогтің кәсіптік стандартының талаптары негізінде әзірленеді.
18-бап. Педагогтің біліктілігін арттыру
1. Педагог бұрын алған кәсіптік құзыреттерін сақтап-тұру және дамыту мақсатында біліктілігін арттыру курстарынан өтеді, олардан өту тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2. Педагогтің біліктілігін арттыру мақсатында қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту бір жолы немесе кезең-кезеңмен жекелеген бағыттар мен пәндерді (модульдерді) меңгеру арқылы, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту жолымен жүзеге асырылады.
3. Педагогтер алған білімін практикада іске асыруы үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізетін ұйымдар білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен педагогтер қызметін курстан кейінгі қолдауды тегін жүзеге асырады.
19-бап. Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
20-бап. Өтпелі ережелер
Осы Заңның 8-бабы 3-тармағы 2) тармақшасы екінші абзацының қолданысы 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін;».
21-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң, 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 27 желтоқсан
№ 293 -VI ҚРЗ
***
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 19 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнындағы 127-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«127-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау»;
2) 127-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«127-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау
1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөнiндегi, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ата-ананың немесе осы мiндеттер жүктелген өзге де адамның, сол сияқты педагогтің немесе білім беру, денсаулық сақтау ұйымының немесе өзге де ұйымның тәрбиелеу және (немесе) білім беру жөніндегі міндеттер жүктелген басқа да жұмыскерінің жасаған, кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекеті – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.»;
3) 409-бапта: бірінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7, 7-8 және 7-9-бөліктермен толықтырылсын:
«7-3. Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогті кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту;
2) педагогтен Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыру;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексеру жүргізу;
4) педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеу;
5) мемлекеттік орта білім беру ұйымының педагогін өз кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тарту түрінде жасалған бұзушылық – ескерту жасауға алып келеді.
7-4. Осы баптың 7-3-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7-5. Мыналарды:
1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) медициналық қарсы көрсетілімдері бар, психиатриялық және (немесе) наркологиялық есепте тұрған;
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ;
5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулері бар адамдарды педагогтің кәсіптік қызметіне жіберу – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7-6. Педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде былапыт сөйлеуден, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан, әбес қылықтар (белгілер), заттар көрсетуден көрінген, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы құрметтемеушілік таныту – жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7-7. Осы баптың 7-6-бөлігінде көзделген, он екі жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер – ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7-8. Осы баптың 7-6-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
7-9. Осы баптың 7-7-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
4) 684-баптың бірінші бөлігіндегі «409 (жетінші және 7-1-бөліктерінде)» деген сөздер «409 (жетінші, 7-1 және 7-8-бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 730-баптың бірінші бөлігіндегі «(бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)» деген сөздер «(екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, 7-2, 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7 және 7-9-бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 804-баптың бірінші бөлігінің 49) тармақшасындағы «7-1-бөліктері» деген сөздер «7-1 және 7-8-бөліктері» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 11, 59-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; 2012 ж., № 1, 1-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 11, 67-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2019 ж., № 9-10, 52-құжат):
1) 24-бапта: бірінші бөлік мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы»;»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болған педагогтер «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде біржолғы төлем алады.»;
2) 25-бап мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» – аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін педагогтерге;».
3. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 9-10, 52-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 118-баптың 1-тармағының 14) тармақшасындағы «педагогикалық қызметкерлерiне» деген сөздер «педагогтеріне» деген сөзбен ауыстырылсын.
4. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 16, 152-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2015 ж., № 23-II, 170-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат): 11-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «педагог жұмыскерлерді» деген сөздер «педагогтерді» деген сөзбен ауыстырылсын.
5. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 7, 36-құжат): 7-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;».
6. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат, № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша «педагог кадрлардың», «педагог қызметкердің», «педагог жұмыскерге», «педагог кадрларды», «педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар», «педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдары», «педагог қызметкерлердің», «педагог жұмыскерлердің», «педагог жұмыскерлерді», «педагог жұмыскерлер», «педагог қызметкерлерден», «педагог қызметкерлер» деген сөздер тиісінше «педагогтердің», «педагогтің», «педагогке», «педагогтерді», «педагогтер», «педагогтері», «педагогтердің», «педагогтердің», «педагогтерді», «педагогтер», «педагогтерден», «педагогтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта: 7-2) тармақшадағы «және оларды қайта даярлаудың» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 50-1) және 50-2) тармақшалармен толықтырылсын: «50-1) педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам; 50-2) педагог қызметін курстан кейін қолдау – педагогтің кәсіптік құзыреттілігін оның курстан кейінгі қызметін үздіксіз мониторингтеу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі;»;
3) 4-бапта: 11) тармақшадағы «, сондай-ақ педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін» деген сөздер алып тасталсын; 23) тармақша алып тасталсын;
4) 5-баптың бірінші бөлігінде: мынадай мазмұндағы 23-4) тармақшамен толықтырылсын: «23-4) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;»; 34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «34) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерді қоспағанда, педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;»; 38-1) тармақшадағы «педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын» деген сөздер «педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейін қолдауды» деген сөздермен ауыстырылсын; 38-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «38-2) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 46-5) тармақша алып тасталсын;
5) 5-1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «13) орта, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының азаматтық қызметшілерінің лауазымдарын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындарындағы педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;»;
6) 22-баптың 1-тармағындағы «ғылыми-педагог кадрлар» деген сөздер «педагогтер, ғылыми қызметкерлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 23-баптың 2-тармағында: 2) тармақшадағы «, мамандарды қайта даярлау және олардың» деген сөздер «мамандардың» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріле отырып, біліктілік алуға бағытталған мамандарды қайта даярлау бағдарламалары;»;
8) 26-баптың 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «13. Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу шарт негізінде жүзеге асырылады, оның үлгілік нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
9) 30-баптың 1-тармағындағы «Алты жасқа дейiнгi», «алты жасқа дейін» деген сөздер тиісінше «1-сыныпқа қабылданғанға дейін», «1-сыныпқа қабылданғанға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 37-бапта: 3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау» деген сөздер «Кадрлардың біліктілігін арттыру» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы «педагог» деген сөз «педагогтерінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 43-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогтердің міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өтуін қамтамасыз ету;»;
12) 44-баптың 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Лауазымға тағайындау және лауазымынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын қоспағанда, білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Сот төрелігі академиясының, мемлекеттік басқару, құқық қорғау органдары академияларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бірінші басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Мемлекеттік мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымға білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде тағайындалады.»;
«5. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. Жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын бірінші басшыларының аттестаттаудан өту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
13) 45-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «ғылыми-педагогтік» деген сөздер «педагогтердің және ғылыми» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 48-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
15) 7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «7-тарау. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің мәртебесі»;
16) 50-бап мынадай редакцияда жазылсын: «50-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтық мәртебесі
1. Қазақстан Республикасында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы педагогінің ерекше мәртебесі танылады, бұл оның кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз етеді.
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің құқықтық мәртебесі осы тарауда айқындалады.
3. Кәсіптік қызметін жүзеге асырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында болған кезеңде адам педагог мәртебесіне ие болады.»;
17) 51-бапта: тақырыптағы «Педагог қызметкердің» деген сөздер «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы педагогінің кәсіптік қызметіне:
1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) медициналық қарсы көрсетілімдері бар, психиатриялық және (немесе) наркологиялық есепте тұрған;
4) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ адамдар;
5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулер негізінде жіберілмейді.»;
2-тармақта: бірінші абзацтағы «Педагог жұмыскердің» деген сөздер «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтің» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша алып тасталсын;
3-тармақта: бірінші бөлікте: «Педагог жұмыскер» деген сөздер «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагог» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша алып тасталсын; екінші бөліктегі «педагог жұмыскер атағына», «педагог жұмыскер» деген сөздер тиісінше «педагог атағына», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагог» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «педагог жұмыскерлерді» деген сөздер «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «Педагог жұмыскерлердің» деген сөздер «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 52-бапта: тақырыптағы «Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің» деген сөздер «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта: бірінші бөліктегі «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің» деген сөздер «Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «Жеке меншік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің» деген сөздер «Жекеменшік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы «Білім беретін мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың педагог қызметкерлерінің» деген сөздер «Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтағы «мемлекеттік» деген сөз алып тасталсын;
6-тармақтың бірінші абзацындағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне» деген сөздер «Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының жылдық оқу жүктемесі жұмыс уақытының жылдық нормасы шегінде белгіленеді және оны жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының басшысы алқалы басқару органының шешімі негізінде бекітеді.»;
19) 53-бапта: 1-тармақта: бірінші абзацтағы «Педагог қызметкерлер» деген сөздер «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұзақтығы күнтізбелік 56 күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленеді.»;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «білім беру саласының педагог жұмыскерлеріне» деген сөздер «, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-1 және 2-2-тармақтардағы «білім беру саласының педагог қызметкерлеріне» деген сөздер «, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта: бірінші абзацтағы «Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне» деген сөздер «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша «мемлекеттік» деген сөзден кейін «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «грант;» деген сөз «грант төленеді.» деген сөздермен ауыстырылып,
3) тармақша алып тасталсын;
20) 65-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «педагог» деген сөз «педагогтер» деген сөзбен ауыстырылсын.
7. «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қоры» мәртебесi туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 20-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2015 ж., № 14, 72-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):
1) 6-баптың 6-тармағындағы «ғылыми және педагог қызметкерлер» деген сөздер «педагогтер және ғылыми қызметкерлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) және 8) тармақшаларындағы «педагог қызметкерлердің», «педагог қызметкерлерді» деген сөздер тиісінше «педагогтердің», «педагогтерді» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат):
1) 35-баптың 5-тармағының
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге – жұмыс істеп жүрген бүкіл кезеңіне;»;
2) 36-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «педагог қызметкерлерi» деген сөздер «педагогтері» деген сөзбен ауыстырылсын.
9. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 62-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат):
9-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «ғылыми және педагог қызметкерлер» деген сөздер «педагогтер және ғылыми қызметкерлер» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 27 желтоқсан
№ 294 -VI ҚРЗ